Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  82


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Бiр махаббат – iздегенiм сол менiң....

Бiр махаббат – iздегенiм сол менiң,
Жалғасам деп жүрiлмеген жол кемiн.
Қобыз–кеудем Ықыластай ышқынып,
Сапырады күңiренген көл демiн.
Бiр махаббат – iздегенiм сол менiң…
Iздеу үшiн iңкəрлiктен өлмедiм.
Менiң мұң мен сырға толы жүрегiм,
Шүпiлдейтiн шарапатқа шөлдедiм.
Бiр махаббат – iздегенiм сол менiң,
Сол арқылы бұл өмiрге бермегiм
Бейкүнə бiр тазалықтан туындар,
Бiр күн сынып кеткенiнше шөлмегiм…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу