18.05.2022
  2728


Автор: Самат Есмағамбетов

Балдызжан туған күнің құтты болсын!

Балдызжан туған күнің құтты болсын!

Абырой, амандығың арта берсін.

Бақ-дәулет қызығымен қатар берсін,

Қонағың жақсы көрген жиі келіп,

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Осындай ойын-сауық бола берсін,

Үй-іші той-думанға тола берсін,

Өмірдің гүл жайнаған жәннәтындай

Басыңа бақыт құсы қона берсін.

Осы үйге көп-көп қылып бала берсін,

Балаға таудай талап, сана берсін,

Бәрі де балалардың өнерлі боп,

Бақытың барған сайын жана берсін!

Осы үйге сұлу мінез келін берсін,

Келінге адал ниет, пейіл берсін,

Ақ көңіл, ата-анаға мейірімді боп,

Қызығын бала-шағаң түгел көрсін!

Жаныңда жақсы көрген көршің болсын!

Ағайын, туған-туыс, жекжаттарың

Баршасы сау-саламат, өсіп-өнсін!



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу