18.05.2022
  399


Автор: Әбу-Хамид Әл-Ғазали

СӨЗДІҢ АПАТЫ ЖӘНЕ ТІЛДІҢ ЗИЯНЫ

Аңғарсаңыз, тіл – бір жапырақ ет. Алайда ақиқатқа жүгінсек, онда көптеген мәселелердің түйіні жатыр. Өмірге келген, келмеген нәрселер- дің көбісіне себепкер – тіл. Мүмкін амалдардың кеңесші уәзірі, оның қызмет басындағылары, әр нәрсені ақыл-ой елегінен өткізіп істегісі келсе, оны тіл арқылы ғана жүзеге асыра алады.


Тіл мен діл – сөз гауһарының негізі. Діл де, тіл де – ақыл-ой, ар-ұят жауһарының сәулесін қажет етеді. Мысалы, кейде тіл тотысы налынған зарлы сөздерімен сайрап кетсе, шуақты көктемдей діл айнасына қайғы-қасіреттің көлеңкесін түсіріп, үкім етуімен көз бұлағынан жас ағызар; Кері- сінше, тіл дұрыс сөйлесе – діл тіктеліп, ақиқатты айтса – раушан болар; Егер жалған айтса – көңіл ділі көр болар. Білген жақсы, сөз апаты есепсіз көп, одан сақтана білу қажет. Адам сөздерінің залалсызы болмайды. Пайғамбарымыз былай деген екен: «Кісі үндемесе, үйдей пәледен құ- тылар» және «Кісі – қарын, нәпсі, тіл апатынан сақтана білсе, басқа апаттардың бәрінен де өзін аман сақтайды».


«Қайсы амал дұрыс?» деп сұрағандарға пай- ғамбарымыз аузынан тілін шығарыпты да қайта- дан аузын жауыпты, яғни «үндемеген дұрыс» деге- ні екен. Пайғамбарымыз «Адам баласының көпте- ген қатесі себебінен, сіздерге айтатыным ғибрат- тың ең жақсысы тілді тістей сөйлеп, үндемеу және құш көңіл бөлу» десе және бірде «Бақытты деп сөздің сарасын сақтап, малдың сарасын беретін, яғни әмиянын ашып, аузын жауып, тілін байлай білетін адамды айтамыз» деген екен.


Білген адамға тілдің ұзындығынан зиян еш нәрсе жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу