Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  137


Автор: Аманхан Əлімұлы

Қош бол, күз

Қош болғын, қош бол енді Күз, қарағым,
Ұрмайды бетке қайтып ыз бар ағын.
Сыртта аяз, қарда аппақ қарға отыр,
Сайлайды іште қыстық қыз жарағын.
Қар жатыр мүйізденіп тыста қатпа,
Бұндайда күн де қастай қысқа қақпа.
Соншама неге сақтық көрсетеді,
Сауысқан ала бауыр ұшпа, бақта.
Салатын қолды-аяққа тұсау кілең,
Бұл деген жатып ішпе қыс-ау, білем.
Қаңтардың жиырмасы туған күнім,
Өмірім өтіп жатыр түс аудымен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу