Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  90


Автор: Аманхан Əлімұлы

Мезгілсіздеу ұрынған Күз лебіне...

Мезгілсіздеу ұрынған Күз лебіне,
Қарап қайтқан құстардың тізбегіне, –
Жеті бірдей келіншек мені сүйген,
Қайда екен деп сол ақын іздеді ме?
Жетеуі де қыз еді іліп алды,
Со бір кездің шоғы емес, күлі қалды.
Желдей тұрмас уысқа уақыт-ай,
Қанша қапа қалдырдым тілі балды?
Бұрып тұрып бетімді майда желге,
Сыр айт дегем, сан қызға сайға келде.
Өліп-өшті сөзіме сеніп олар,
Желең көңіл желігін жаймады елге.
Деп жүретін жігіттер сырғаңды ілем,
Құлпырып қызғалдақтай тұрған кілең, –
Жеті бірдей келіншек жеті қыз ең,
Қауындай қазан ерте ұрған білем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу