Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  120


Автор: Сабырхан Асанов

Алматы

Қаласың от құшағын ашып тұрған,
сен мені қыздарға да ғашық қылған,
саған кеп бір еркелеп қайту үшін,
самал да соғып кетер асып қырдан.
Қасында Алатауың– ақтауларың,
жатыр ғой жеткізіп жұрт мақтауларын.
Көңілімді көтереді, көркейтеді,
құлпырған күндіз-түні бақ-бауларың.
Ерте-кеш еркін сені араладым,
табылды бір өзіңнен қалағаным.
Кешегі мен қыдырған көшелерде,
қыздармен қыдырып жүр балаларым.
Алматым, ай дидарлы асыл қалам,
жалғасып жатыр саған жасыл далам.
Таралып жұлдыздарға кетіп жатыр,
жастарың аспаныңнан асырған ән.
Сенбісің бақыт қалам, байлық қалам,
көрсе де қанша нәубет қаймықпаған.
Қала жоқ жер бетінде маған сендей,
Кейбіреу не демейді жайды ұқпаған.
Көркіңе көзім тоймай тұр бүгінгі,
Құшақтап нұр гүлінді, жыр гүлінді.
Деймін де, тұрам ыңғай жырлап өтсем,
аяулы бір күніңді, мың күніңді
Көрінсе маңдайындай нұрлы алаңың,
қосылып тал-терекпен ырғаламын.
Таусылмас тілегі осы, жүрегі осы,
Шымкенттен
келген бір кез бұл балаңның.
Сен менің
бақ қаламсың, баспанамсың,
тек қана
жақсылыққа бастағансың,
Бір келіп
бұл өмірге қалғанымда.
Көңілімді
бір көтеріп тастағансың.
Қаптаған
қарақұрым халық та ойсан,
күндізгі көз аштырмас жарық жайсаң.
Тым құрса,
түнгі жанған шамдарың боп,
арман не мәңгі
өзіңмен қалып қойсам.
Сәулемді
таң атқанша шашып елге,
тұрар ем,
бақ ішінде, ашық жерде.
Түбіме әр түн сайын сырласуға отырса
оңашалап ғашықтар кеп.
Қаласың от құшағын ашып тұрған,
сен мені қыздарғада ғашық қылған,
Саған кеп бір еркелеп қайту үшін,
самал да соғып кетер асып қырдан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу