Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  101


Автор: Фариза Оңғарсынова

Йабақыларға қарсы күрес жырлары

Будыраштар да құтырып,
алпауыт ерлер жұтынып,
жорыққа шықты жапырып,
қанымызды біздің төкпекке.
Тасаға дұшпан тірелді,
біздерге елші жіберді,
қабағы қатып түнерді.
Батырлар біздің жиылды.
Тасалап келді жылғаны,
жауласу жанын тырнады,
ағайыншылық қылмады.
жан-жақтан əскер кұйылды.
Ертістің суын жайлаған,
найзасын кекке кайраған
Имектер2 серттен таймаған,
бет алар бізге олар да.
Қелісім жасап сынады,
серттесіп уəде қылады,
ханнан көмек сұрады.
Басмылдар3 да жиылды.
Күн аптабы есті алар,
бізді сынап қас болар,
қара көзге жас толар,
халыққа сонда қиын-ды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу