02.05.2022
  75


Автор: Жұбан Молдағалиев

ҰЛЫЛЫҚ, КЕҢДІК ӨЛШЕУІ

«...Қазақстанның ұшы-қиырсыз кең жазығыорыс әдебиетшілерінің үлкен бір қауымын тағы дақұшақ жайып қарсы алып отыр. Республикада орысәдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтіп жатыр. Бірғажабы, республиканың мәдени өміріндегі осы бірелеулі оқиға өзге бір тамаша юбилеймен ұштасыпотыр екен: таяуда Қазақстан жазушыларыныңРоссия жазушыларымен алғаш рет жүзбе-жүздостық дидарласуына отыз жыл толыпты, ал солбір дидарласудан олардың ұзақ та берік араласқұраласы басталып еді...»
Россия Федерациясы жазушыларының басшысы,көркем сөз майталманы, Қазақстанның, қазақәдебиетшілерінің айнымас досы Леонид СергеевичСоболевтің осы бір сөздерінің өзінен біздіңреспубликаға, оның өркені өскен мәдениетіне дегенөлшеусіз махаббат сезімін, қуаныш толқынын, үлкенқұштарлық, тілектестік белгісін аңғарасың.
Қалайша қуанбасын-ау дос жаны! Егер бұданотыз жыл бұрын біздің бүгінгі қонақтарымызЛеонид Соболев, Павел Лукницкий, ВсеволодРождественскийлер қазақ жерінен революциялықөзгерістердің алғашқы адымдарын – алғашқыколхоздардың аяқ алысын, алғашқы заводтардыңірге тастарын, тұңғыш тракторлар келе бастағанынкөрсе, енді олар Қазақстаннан қазіргі заманғаламатының бәрін кездестіреді. Жазушы қиялы,
 жазушы фантазиясы – жүйрік те биік нәрсе. Біраққазақ даласы миллиард пұт астық береді дегендіол да айта алмап еді. Ал біз сол миллиардты беріпте көрдік, бұдан былай да бере аламыз. Отанқоймасына құйған біздің биылғы 928 миллион500 мың пұт астығымыздың өзі, егер әуе райыныңқолайсыз болғанын ескерсек, миллиардқа татидыдер едік. Қазақ жерінің Қазақстан еңбекшілерініңмұншама ерлігін партия мен үкіметіміз де солайшабағалап отыр. «Құтты қонақ келген үйдің қойы егізтабады» дегендей, біздің қадірлі меймандарымызөзге де қуанышты оқиғаларға куә болып отыр.«Восход» кораблі батырларының космос сапары дақазақ жерінен басталып, қазақ даласында ойдағыдайаяқталды да, осынау нұрлы мерекемізді, достықсалтанатын бастап бергендей болды. Айтпақшы,тұңғыш космос кораблі қазақ жерінен ұшады дегеной бір кезде қандай достың да, қандай фантастжазушының да қиялына келе қоймаса керек. Біздіңсоциалистік өміріміздің ғажабы да сол: шындыққиялдан озып жатыр.
Леонид Соболев бұдан отыз жыл бұрынғысапарында біздің Шығыс Қазақстанда болып,«Кішкене Төлегеннің бақыты» деген әңгіме жазыпеді. Бұл жолы да ол сол сапар ізімен кенді Алтайдыаралады, жаңа өнеркәсіп алыптарын көрді, жаңаТөлегендермен танысты.
– Төлегендердің қаншама өсіп-жетіліп,қаншама биікке көтерілгенін айтып жеткізу мүмкінемес сияқты. Әйтсе де, мен олар туралы жазуғаміндеттімен және жазамын да, – дейді бұл сапарданталай тамаша әсер алып оралған Леонид Сергеевич.
 Алғашқы күні республиканың үкіметбасшыларымен кездескенде жазушы ПавелЛукницкий: «Бір кезде қазақ ауылының сиқыосындай еді» деп, ертеде түсірген бір фотолардытарту етіп еді. Енді о да Соболев сияқты баяғыжастық шағы ізімен Шығыс Қазақстан облысындаболып жаңа көріністерді көріп келіп отыр, жаңасуреттер алып келіп отыр.
– Анау суреттер мен мынау суреттердің арасыжер мен көктей емес пе? – дейді Лукницкий жолсапар әсерлерін әңгімелей отырып. – Баяғы Риддермен бүгінгі Лениногорскіні салыстыруға бола ма?Немесе Бұқтырма теңізі мен Бұқтырма ГЭС-ініңкөркіне қалай қайран қалмассың!
Тың өлкесінде болған Анатолий Софронов,Василий Федоровтар да, Қарағандыда болып қайтқанЛюдмила Татьяничева, Константин Ваншенкиндерде, Оңтүстік Қазақстан өлкесін аралаған СергейСартаков, Евгений Долматовскийлер де – бәрбәрі де Қазақстанның құдіретті елге айналғанынақуанады, қазақ халқының бауырмалдығына,меймандостығына сүйсінеді. Әрқайсысының аузындаалғыс сөзі, әрқайсысының жүрегінде – жаңа жыр,жаңа шабыт серпіні. Бәрі де осынша туысқандық,осынша достық көзі боп отырған советтік өміріміздімақтан етеді, Ленин партиясын мадақтайды.
Қадірлі қонақтарымыз – Россия жазушыларыныңкөбірек үңіліп, көбірек зер салған көріністерінің бірі– әлбетте, бүгінгі қазақ әдебиеті. Рас, олар, әсіресеСоболев сияқтылар, біздің әдебиетті бұдан бұрын дабілетін. Тіпті сол отызыншы жылдардың басындаақ жас қазақ совет әдебиеті үлкен болашағын
 танытқан еді. Кейін қазақ көркем сөзінің мақтаныболған Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, ІлиясЖансүгіров, Мұхтар Әуезовтар мен қазіргі СәбитМұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин,Асқар Тоқмағамбетов, Тайыр Жароков, ӘбділдаТәжібаевтар – қадірлі қонақтарымыздың ескідостары. Бірақ ол кез – жарқын таланттардыңжастық шағы еді. Әдебиеттің кей жанры кенжелеуболатын. Біздің жазба әдебиеттің кемелдену, толысукезеңі сонда басталса да, ол нағыз роман, нағызпоэма, нағыз драматургия туындысы боп кейініреккелді және алдымен сол ағалардың өздері арқылыкелді.
Бүгін соларға қоса қазақ әдебиетінде шоқжұлдыздай жарыса көрінген көптеген қалам шеберлерікөзге түседі. Ғали Орманов, Дихан Әбілев, ХамзаЕсенжанов, Әбу Сәрсенбаев, Шахмет Хұсайынов,Қажым Жұмалиев, Мұхамеджан Қаратаев, ЗейінШашкин, Қалижан Бекхожин, Хамит Ерғалиев,Бауыржан Момышұлы, Тахауи Ахтанов, ӘбдіжәмілНұрпейісов, Сейітжан Омаров, Сырбай Мәуленов,Сағынғали Сейітов, Мұзафар Әлімбаев, ЗейноллаҚабдолов, Бердібек Соқпақбаев, Ғафу Қайырбеков,Қуандық Шаңғытбаев, Өтебай Қанахин, ҚалтайМұхамеджанов – міне біздің орыс достарымызосы сияқты есімдерді қуана атай отырып, оларменөздерінің көп жылдан бері жемісті творчестволықынтымақтары туралы айтқанда, өскелең қазақәдебиетінің өркештене түскенін, төрт құбыласы –жанр-жанры теңеле түскенін онан сайын айқынтүсінесің.
 Орыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің тарихидостығын және оны бұдан былай да нығайта беружолын әңгіме еткен Қазақстан Жазушылар одағыбасқармасының күні кешегі арнаулы пленумы өзінеалдымен осындай қолда бар мол мүмкіншілігімізді,талант байлығын өзек етті. Біз өзіміз болып,қаламдас орыс достарымыз болып, қазақ әдебиетінепартия талап еткендей биік міндет жүктейтініміз де,міне, сондықтан ғой. Өйткені, бүгінгі қазақ әдебиеті– қандай жүк артсаң да көтере алатын әдебиет.Және бұл сықылды кемелдену ісіне ол ұлы орысәдебиетіне, оның ізгі ықпалына, ағалық көмегінемәңгілік қарыздар.
Сол сияқты, қазақ әдебиетінің «Абай»эпопеясы сияқты таңдаулы шығармалары енді өзгеәдебиеттердің өсуіне әсер ете бастаса, бұл да біздіңсовет жағдайындағы өзара рухани молығудың, өзараүйренудің, ортақ игіліктің жемісі. Біздің социалистікмәдениет бір-бірінен осылайша сусындап, қатарөсіп, қатар жетіліп отырады.
Осынау онкүндік сияқты достық және туысқандықбайланыс шаралары да соған куә.
Біздің көптеген қонақтарымыз Қазақстандатұңғыш рет болып отыр. Бірақ кітап оқушыларыменкездесе қалғанда, олар көптен таныс болып шығады,залда жиналған жұрт әр ақын-жазушының әрәңгімесін, әр өлеңін біледі, ол жайында терең детұжырымды пікір айта алады.
– Халықтың өскеніне, мәдени дәрежесініңбиіктігіне бұдан артық қандай дәлел болмақ? – деді,мысалы, көрнекті совет жазушысы Борис Полевой,
 кітап оқушыларымен Алматыда бір күннің өзіндебірнеше кездескенде.
«Жалғыз шапқан ат жүйрік» деген мақал, бар, біржақсысы, біз, қазақ жазушылары, жалғыз емеспіз.Көп ұлтты совет әдебиетімен бір лектеміз, ал лекбасында ұлы орыс әдебиеті келеді. Біз әрдәйім соданүйренеміз, соған ілесуіміз керек. Жетпей жатқан,толмай жатқан жоғымызды да білеміз. Осынаудостық кездесулер ең әуелі үлкен міндеттерді шешугемеңзейді.
Біз, жазушылар, бұл күндері тек қаламдасдостарымызбен ғана кездесіп қойғанымыз жоқ.Қазақстанның мың-мыңдаған еңбекшілері сияқты,біз биік орыс өнерінің небір жарық жұлдыздарымен– Соловьев-Седой, Дмитрий Кабалевский сияқтымузыка сиқырларымен, С.Лемешев, Кривченя,З.Долуханова сықылды ән пірлерімен, Н.Мордвинов,Б.Андреев секілді сахна-экран шеберлерімен жүзбежүз көрістік. Қаншама көркемдік ләззат, қаншамаэстетикалық қуаныш алдық! Қазақша айтсақ, әркездескен сайын бір жасап қалдық.
Орыс халқы мен қазақ халқының тарихидостығының тамыры әріден басталады. Бұл күндеріол туралы көп те айтылды, көп те жазылды. Бірақ бізсоның әсіресе бір жағын талмай қайталаймыз. Ол –орыс халқының Ленин ұлтының бізге Ұлы Октябрьжеңісін әпергені. Сондықтан да біз Россияныңұлдары мен қыздарын жер бетіндегі ең жақынымыздеп білеміз. Сондықтан да олармен әрбір кездесу –біз үшін жарқын салтанат, нағыз той. Осы Онкүндікте – сондай мереке. Ал той сезімін ақын адам жайсөзбен жеткізе алмайды. Өлең керек мұндайда.
 Қазақтардың мінезінде
Кеңдігі бар даланың.
Сыр да, жыр да бір өзіңде
Ерлігі бар дананың.
Даладай деп ағыл-тегіл, .
Дастарханды өлшейміз.
Даладай деп ақын көңіл,
Достар жанын өлшейміз.
...О, Россия, өзіңе де
Осы біздің таразы.
Ісіңе де, сөзіңе де
Қазақ жаны разы.
Пугачевтің ерлігі де,
Пушкиндердің жыры да,
Ұқсас далам кеңдігіне,
Үндес қазақ ұлына. :
.
Ұлың келсе – сый қонағым,
Гүл ұсынам көктемдей.
Ән боламын, күй боламын,
Дүние жырын төккендей.
«Төрле, достым, қақ төріме,
Сендік дәмім, тұзым да», –
Дер қазақтың шахтері де,
Алматының қызы да.
 Көрсін еркін даламыздың
Құдіретін, сұлуын.
Білсін шіркін даламыздың
Жомарттығын, жылуын.
Өлшеу болсын кіл кеңдікке
Сол даланың төстігі.
Теңеу болсын, Үлкендікке
Орыс-қазақ достығы.
1964




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу