Өлеңдер ✍️

  01.05.2022
  445


Автор: Мұхаммед Салих

Әйел мен еркек

Әйел жалғыз, жесір емес алайда,


Еркек жалғыз, бойдақ емес маңайға.


Құлдар да емес бір-біріне тәуелді,


бір-бірінен азат та емес қалайда.


 


Әйел кірер бөлмесіне кешқұрым,


ер де кірер бұзбай ескі дәстүрін,


пешенеге жазылған соң, амал не –


бұл екеуін қосты тағдыр, қосты мұң.


 


Еркек жақтан – өшпеген соң алауы –


папиросы пана таппай жанады,


ал жастығы әлсін-әлсін әйелдің


көз жасынан еріп бара жатады...


1977 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу