23.04.2022
  316


Қасиетті Қадір түні мың айдан қайырлы

Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:


 


Екі дүниенің бақытына бөленейік



  • Алла тағала айлардан - Рамазанды, күндерден - жұманы, түндерден Қадір түнін қасиетті етті. Жаратушы Иеміз бұл түнде екі дүниенің бақытына жеткізетін, ақ пен қараны айырушы қасиетті Құран аяттарын түсіре бастады. Бәріңізге белгілі, ең алғашқы аят: «Оқы!» - деп басталады. Исламның білім мен ғылымға көңіл бөлетінін осы аяттан айқын аңғаруға болады.


Қасиетті Қадір түні мың айдан қайырлы. Бұл түнді құлшылықпен өткізген адам үлкен сауапқа кенеледі. Баршаңызды мүбәрак түннің келуімен құттықтаймын. Бұл түнде уақыт өтсе болды деп, сериал көріп яки пайдасыз дүниелермен айналысу дұрыс емес. Алла тағала бізге Өзінің разы болатын сауапты амалдарымен айналысуды нәсіп еткей! Дұға-тілектеріміз қабыл болып, екі дүниенің бақытына бөленген құлдарының қатарына қосқай! Әумин!


Асанәлі ӘШІМОВхалық әртісі:


«Азан айтылса қуанамын»


 



  • Мешітке кірмес бұрын Алла үйіне сыймай, аулада Жаратқанға мінәжат етіп отырған жастарға қарап сүйсіндім һәм тебірендім. Расында да бұл жақсылықтың нышаны. Қаншама жастар қылмыс жасап, өз өмірлерін өздері құртуда. Ал Ислам адамды ізгілікке үндейді. Абайдың: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» деуі тегін емес. Мен де жұмысымның қауырт болғанына қарамастан, мешітке жиі бас сұғып тұрамын. Үйдің жанында мешіт бар. Азан шақырылғанда қуанамын. Үйімнен шайтан шығар деген үмітпен. Қадір түнінің қадірін таңды таңға ұрып айта беруге болады. Алла дұғаларыңызды қабыл етсін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу