Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  85


Автор: Рафаэль Ниязбек

НҰР-АҒАНЫҢ НҰРЛЫ ЖОЛЫ

Таршылықта көз жасын төге келіп,
Төре болған жан бар ма төреге еріп.
Есім салған ескі жол ғайып болған
Ескі киім секілді көнеленіп.
Қайраса да намысын тасқа жанып,
Қарт та налып күн кешкен, жас та налып.
Подвалдағы архивке жол тартқан-ды,
Қасым салған қасқа жол таспаланып.
Үміттері үзілмей жалғасқанда,
Жанар еді жұлдызы арлы аспанда.
Жер бетінен аты өшіп жоғалған-ды,
Ақ патшаның ақ жолы шаң басқанда.
Өліктердің құралған қаңқасынан
Сұм Кеңестің өн бойы қан сасыған.
Қанды жолы құрыған көз көрмеске,
Құлағанда бұл қоғам шалқасынан.
Тәңір бізді тәуелсіз түлеткелі,
Өмірімнің жаңғырып тұр өткелі.
Нұрсұлтанның таңдаған нұрлы жолын
Ер қазақтың жолбарыс жүректі елі.
Көкірегін жылытқан сұр даланың,
Бәрі биік жұлдызды мұнараның.
Нұрлы арманға жетпеуі мүмкін емес,
Нұрлы жолын таңдаған Нұр – ағаның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу