Өлеңдер ✍️

  18.04.2022
  65


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЖЕЛКЕН КӨТЕРГЕН ЖЫРЛАРЫМ


Теңіз бетін,
Айдынын өркен көріп,
Шыға келген гүлдердей өртеңге өріп, –
Демалуға келгендер
Жүзіп жүрді
Ертесімен теңізде желкен керіп.
Желкендерді үйіріп ала қашқан,
Көк теңіз де құшағын далаға ашқан, –
Адамдардың бірі боп кете бардым,
Толқын болып толқынға араласқан.
Келе алмасам жол түсіп өткен күзде,
Арманына жан болып жеткен біз де, –
Құлашымды жүзгенде керіп тастап,
Секілдімін туған жан көк теңізде.
Қарсы жүзіп желіне өктем күздің,
Жүрегімен сөйлеген көктем-қыздың:
Білгендерге ақ шаңқан мен бір желкен
Көтерілген төсінен көк теңіздің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу