Өлеңдер ✍️

  18.04.2022
  97


Автор: Рафаэль Ниязбек

МЕН – ҚАРАМЫН

Мен – Адаммын,
Әрнені байыптаған,
Дүние тұр сұмдығынан айықпаған.
Мен – қарамын,
Негрмін
Алалағаны үшін
Ақ нәсіл арамтамақтарды айыптаған.
Қаралығым –
Білгенге қасиетім,
Қасиетім,
Емес ол қасіретім.
Күнім туып келеді,
Ей, нәсілдер,
Алдыма кеп менің де бас иетін.
Көңіліне жоқ болып қарау жұрттың,
Қаралықтан мен талай алау жұттым.
Белгісі емес –
Ақ нәсіл арлылықтың,
Ал қара –
Белгісі емес қараулықтың.
 Таң атқанда,
Шұғыла тарағанда,
Тербетіліп тұрмадым тар алаңда.
Күннің нұры алайда көп болады
Егін егіп,
Жер жыртқан қара адамда.
Жер төсінде тер төгіп тұрақтаған
Мен – қарамын,
Өн бойын күн аптаған.
Жан шуағым көп болып,
Сондықтан да
Жұртым менің кеудеме шуақтаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу