Өлеңдер ✍️

  04.04.2022
  245


Автор: Айнұр Тұрсынбаева

Әйел

Тіршілікте теңдесі жоқ,
Жүрегі аппақ, жаны нұр.
Жер бетінің бар ғажабы,
Əйелдер ғой, бəрібір!

Біздер үшін өлді қанша,
Ақ гүл, қызыл, сары гүл.
Себебі біз жер бетінде,
Ең сұлумыз, бəрібір!

Мына бес күн дүниенің,
Шындығында, мəні-Біз!
Сол үшінде, тек бақытқа,
Лайықтымыз бəріміз.

Əйелдерді бағала, Сен,
Пəк көңілін кірлетпе.
Əйел-Қызың, əйел-Анаң,
Лайықты ол, құрметке!

Əйел сенің - Қарындасың,
Əйел сенің - Əпкең де!
Ей, Ер жігіт, жұбата біл,
Ол мұңайған сəттерде.

Əйелдерді қуантудың,
Қиын емес, жолдары.
Бір-екі айда, бір-екі гүл,
Сыйлап тұрсаң, болғаны.

Жылы-жылы сөздер айтып,
Əйелге бөл, уақыт көп.
Əйел жылап жүрген үйде,
Еркекке де бақыт жоқ!

Еркектердің өмірінің,
Əні, сəні, мəні - Біз!
Сол үшінде, тек бақытқа,
Лайықтымыз, бəріміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу