Өлеңдер ✍️

  25.03.2022
  120


Автор: Абдрахман Асылбек

Сыйлық пен бұйрық

Асыра орындап жоспарын,
Сыйлығын жуды Қошқарың.
Сіміріп қызыл, ағыңды,
Алдымен өзі қағынды:
Түрткілеп тентек Текені,
Ісіріп алды шекені.
Содан соң төргі жақтағы
Бұқаны барып даттады,
Қошқардың болса есі бар,
Күштіні даттап несі бар?
Келер күн жиып «достарды»,
Жұмыстан қуған Қошқарды,
Бастықтың шықты бұйрығы,
Құрысын бүйткен «сыйлығы».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу