Өлеңдер ✍️

  19.03.2022
  111


Автор: Тортай Сәдуақас

ЕСІНДЕ ЕЛДІҢ ЕСАҒАҢ

Есмағанбет Ысмайыловтың құрметіне
Алаш рухын қорыған, – Өтіп еді неше адам:
Жақсылардың соңынан, Еріп еді Есағаң!
Алаш туын жыққанда, Заман желі есалаң:
Мағжан, Сәкен, Мұхтарға, – Серік еді Есағаң!
Атып, асқан ерлерді, Заманға бар не шараң:
Елдің рухын зерледі, Елде қалған Есағаң!
Үзген ердің тізгінін, Сұмнан қайтіп өш алам?
Ізін жалғап ізгінің, Атқа қонған Есағаң!..
Атығай мен Алшынды, – Деп санаған қос анам:
Тәрбиелеп қанша ұлды, Тарлан болған Есағаң!
...Алаш туы көгімде, – Темір тордан босаған!
Оқжетпестің өрінде, Есінде елдің Есағаң!
Қайтеді деп ұрпағым, Болса ағалар кеше алаң:
Сезіп елдің нұр таңын, Тыныш ұйықтар Есағаң!
Тәуелсіздік даңқымен, Болса елдің көші аман:
Алты алаштың салтымен, Мың жасайды Есағаң!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу