Өлеңдер ✍️

  14.03.2022
  157


Автор: Рафаэль Ниязбек

АҒАМЕН СЫРЛАСУ

Құшағыңды айқара жырға аштың да,
Көңіл бөліп, ағажан, сырластың да.
Шыңға шырқап кетерлік жаста мынау
Жүрмін бе әлде, білмеймін, қыр астында.
Тағдырды бұл салам деп жамбасыма,
Шығам деп ем,
Шықпадым тау басына.
Өлең деген өрт болса,
Тыңдашы, аға!
От боп менің, кім кепіл, жанбасыма.
Тыңдашы, аға!
Серпінмен өзіңдегі,
Шынарға ұсап көк таудың төсіндегі,-
Нұрландырып өмірді өтсем деп ем
Нұрым сөнбей тұрғанда көзімдегі.
 Талайды әлі бұл інің өткереді,
Жетілмеген күндерін жеткереді.
Бірақ та, аға!
Жыр жазу қуанышын
Ініңізге біреулер көп көреді.
Жүрсем сені бұл күні өркен көріп,
Қарсы алдыңнан шығармын Ертең болып.
Мен дегейсің желкенді кеме көрсең
Бара жатқан айдында желкен керіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу