Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  156


Автор: Абдрахман Асылбек

Солған адам

Көздеуменен қара бас, құлқын қамын,
Атақ пенен даңқа ұмтылмағын.
Біле білсең ұлықтар ұлтың барын,
Мүмкін емес ешқашан ұмтылмағың.
Таққа отырып, табанда төрге шығып,
Озамын деу өзгеден – пендешілік.
Талант болсаң, тарихың танып алар,
Қалғаныңмен қатардан сәл кешігіп.
Басқаларды менсінбей, дара шалқып,
Өзін ғана өзгеден санаса артық,
Ондай жанды уақыт орныменен
Жібереді жусаннан аласартып.
Болған адам ешқашан болдым демес,
Толған адам ешқашан толдым демес.
Ең сорлысы сорлының сол емес пе?
Солған адам ешқашан солдым демес.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу