Өлеңдер ✍️

  13.03.2022
  115


Автор: Абдрахман Асылбек

Арина

Аңсаған арманым, Арина,
Ырзамын өмірде барыңа.
Кездестім өзіңмен мен алғаш
Көрікті көктемнің таңында.
Аңсаған арманым, Арина,
Асықтым жетуге жаныңа.
Жаралған асыл жан екенсің
Мен үшін, тек менің бағыма.
Айналып арманым сағымға,
Кезіктің шөлдеген шағымда.
Өзіңсің өмірлік өлеңім,
Бойдағы тулаған қаным да.
Жанымды жылытып жалынға,
Жанасың жұлдыз боп таңымда.
Жадырап жарқырай беремін,
Өзіңдей асыл жан барында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу