13.03.2022
  571


Автор: Көрісу күні, Амал мерекесі

14 наурыз «Көрісу» күні

      Сонау ата-баба үнімен салт-дәстүрін ұстанып келе жатқан қазақ халқы өзіндік әдет-ғұрпын аяқ асты еткен емес. Бір нәрсеге қуанатын болса шын жүректен шынайы қуана білетін, риясыз пәк сезіммен үн қата білетін қазағым үшін 14 наурыз «Көрісу» күні болып табылады. Осы күні ауыл аймақтың адамдары өздерінен үлкен жандардың қолын алып, сәлемдесіп, көрісетін болған. Бұл жердегі ең басты мақсат қыстан аман-есен шыққандарына, көктемнің шад-шадыман күніне жеткеніне, наурыз айы қазақ үшін жаңа жыл болып саналғандықтан «Жаңа жасың құтты болсын!» не болмаса «Бір жас қосуыңмен» деп бір•бірімен көрісіп жатады.
     Төс қағыстырып, құшақтасып бауырына басып көрісу — бұл әрине қазағыма тән, ия, расында да, бұл үрдіс қазағым үшін бауырмалдылыққа баптайтын, сыйластыққа үндейтін болған. Әсіресе бұл үрдіс еліміздің батыс өңірінде кеңінен тараған. Осы мереке үшін арнайы датархан жвйып, бір-бірімен көрісіп, амандасып көңілдері көтеріңкі күйде бір-біріне деген ыстық ықыласын осылай көрсететін болған.
Қазағымнның жаңа жылымен тұспа-тұс келетін «Көрісу күні» «Амал» мерекесі құтты болсын ендеше. Әрбір жаұяға, әрбір шаңыраққа таусылмас бақыт, сарқылмас шаттық тілеймін!

«ҒажайыпҚазақстан—2050» журналыняң бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу