Өлеңдер ✍️

  02.03.2022
  498


Автор: Қасым Аманжолов

ДЕНСАУЛЫҚ ЖЫРЫ

Аяулы, адал ақ ниет
Менде де біраз бар шығар.
Адамға біткен қасиет
Сыздаса балтыр-хал сұрар.
Арымменен жаздым бұл хатты,
Жанымдай жазған жетпекші.
Сізге бір келген сырқатты
Үлесіп алып кетсекші.
Дәрігер емен, ақынмын,
Қолымнан келер жыр ғана.
Осы бір жазған хатымның
Соңында тілек бір ғана:
Қадірлі біздің досымыз,
Біздерден аулақ сырқаулық.
Қайратқа қайрат қосыныз,
Жасасын біздің денсаулық!
1948




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу