02.03.2022
  119


Автор: Сұлтан Оразалы

КЕЗДЕСУ

(Л.Поляков əңгiмесiнiң iзiмен жазылған телескетч)


 


Қатысушылар:



  1. СƏРСЕН,

  2. МƏКЕН.


 


Қолдарында зат салған сумкалары бар əйел мен еркек ойда жоқта кездесе кетедi.


МƏКЕН: Құдайым-ау, көрiп тұрғаным Сəрсеннiң дəл өзi ме? СƏРСЕН: Мəкен! Мəссаған, Мəкенжан!


Сенсiң бе? Келшi, бiр құшып аймалайын!


(Екеуi құшақтасады. Мəкен тез шегiнедi.)


МƏКЕН: Қой ендi, бұның не?.. Тура көшеде… күйеуi бар əйелдi… Қой ендi, шашымды бұзасың!..


СƏРСЕН: Айтпақшы, сен ерге шыққан екенсiң ғой. Мiне, өтiп бара жатқан уақыт деген осы, кездеспегенiмiзге қанша жыл өттi десеңшi!


МƏКЕН: Сенi көрмегелi де он жыл! Өзiң қартайып кеткен сияқ- тысың.


СƏРСЕН: Қой, ол не дегенiң? Керiсiнше, күш-қуатым толысқан шақ! Тiптi қыран десең де болады. Ептеп қыз айналдырғанды да терiс көрмеймiн. Ал, кəне, өз жағдайыңды айтшы?


МƏКЕН: Бəрi де ойдағыдай, ерге шықтық, екi балалы болдық. Бiреуi сегiзде, есейiп қалды, ал екiншiсi балабақшаға барып жүр. Өзiм жұмыс iстемеймiн. Күйеуiммен тату-тəттi тұрып жатқан жəй бар.


СƏРСЕН: Солай де, жақсы-ақ! Жұмыс iстесек те, əйелiмiзбен тату тұрамыз.


МƏКЕН: Əй қайдам, мiнезiң қиын едi, тiптi əйелiңмен бiрде-бiр ұрысқан жоқсың ба?


СƏРСЕН: Ұрысқанда қандай! Ондай-ондай ханның қызында да болады ғой. Бiр-бiрiңе үйренгенше ептеп шекiсiп аласың.


МƏКЕН: Қанша уақыттан берi қажасып келесiңдер? СƏРСЕН: Мiне, 8 жылдан асып барады.


МƏКЕН: Көрдiң бе, бiрден-ақ маған үйленуiң керек едi. Сенi менен артық кiм түсiнедi? Тастадың да кеттiң! Ал өзiң кереметтей сүюшi едiң ғой.


СƏРСЕН: Ия, болғаны болды, бояуы сiңдi.


МƏКЕН: Шiркiн-ай, сенiң сондағы сый-құрметiң-ай! Басымды бiрден-ақ айналдырып алдың ғой.


СƏРСЕН: Соның бəрi ойдан шығып кетiптi-ау.


МƏКЕН: Еске түсiргеннiң өзi бiр ғанибет қой. Жас болдық, қызу болдық!


СƏРСЕН: Содан берi қанша су ағып өттi дерсiң, көбi ұмытылған. МƏКЕН: Əсiресе бiздiң демалыс үйiне барғанымыз есiңде ме? (Екеуi көше жиегiндегi орындыққа келiп отырады).


 


СƏРСЕН: Иə, шаңғы теуiп шыққанымыз бар. Сонда ғой бесiншi курстағы Ереновтың соңымыздан қалмай, əуре-сарсаңға түсiргенi. Бұ- ған да қай заман, қазiр соның түрiн де ұмытып қалыппын. Ал, бiрақ адасып кеттiк деп алдап, екеуiңнiң тоғайға жасырынып қалғандарыңды ұмытар емеспiн.


МƏКЕН: Ұятсыз, мен шынында да адасып кеттiм. Бар-жоғы бiр сағат. Сен сонда үш күн сөйлеспей жүрдiң ғой.


СƏРСЕН: Бiр-ақ сағат дейсiң бе? Өтiрiгiңе береке берсiн! Мен сенi тура екi жарым сағат тостым, содан кейiн түк көрмегендей келгенiң есiңе түстi ме?


МƏКЕН: Ə, ұмытпаған екенсiң ғой. Ал Кəрiбайдың тойында Сəулемен сүйiсу үшiн далаға шығып кеткенiң есiңде жоқ па?


СƏРСЕН: Ондай болған емес.


МƏКЕН: Болған жоқ дейсiң, ə? Демек, өзiңе қолайсыз оқиғаны ұмытқансың ғой, ал мен ұмытқаным жоқ. Ол тойды ешуақытта да ұмытпаймын.


СƏРСЕН: Мен де ол тойды өмiр бақи есте ұстаймын. Сол жолы мұр- ны қоқиған актердiң менен қымсынбастан-ақ қолыңды сипағаны қайда?


МƏКЕН: Түк те мұрны қоқиған жоқ, əп-əдемi жiгiт болатын.


СƏРСЕН: Сенiң көзiңе əдемi көрiнген ғой. Айтпақшы сол жолы оған телефоныңды неге бердiң?


МƏКЕН: Өтiрiгiңе болайын, оны қайдан шығарып тұрсың? СƏРСЕН: Содан кейiн де екеуiңдi бiрге кездестiргенiм есiңде ме? МƏКЕН: Кездейсоқ кездесiп қалдық, оған мен айыпты емеспiн ғой.


Сен тура сол сəтте жолықтың, бар-жоғы осы.


СƏРСЕН: Солай дейiк, ал оның телефон номерi де сенiң кiтапшаңа кездейсоқ жазылып па едi?


МƏКЕН: Бiреудiң кiтапшасына көз сүзiп, жұрт көзiнше жанжал шығарудың керегi не едi? Аяқ астынан тағы бiр Отелло табылғандай! Мен сенiң басыбайлы əйелiң емес едiм ғой!


СƏРСЕН: Əйелiм болмағаныңа да мың тəубə!


МƏКЕН: Қарай гөр, осыған бiреу ынтығып тұрғандай-ақ. Сен кiмдi аялай бiлушi едiң?


СƏРСЕН: Менi қолға түсiру үшiн жаныңды салғаның қайда? МƏКЕН: Сенi қолға түсiру… Шырағым-ау, айнаға қарасаңшы!


Сұқпытыңнан адам шошиды, масқара болып нем бар?!


СƏРСЕН: Менi айналдыра жүрiп, басқалармен де талай кездестiң ғой. Сенiң үй iшiңдегi адамдар да шетiнен екi жүздi, зымиян болатын. Əйтеуiр соларға тап болмағаным қандай бақыт. Күйеуiңнiң шыдам- дылығына таңырқаймын. Кемiнде жүз рет қашқан шығар?


МƏКЕН: Қам жемеңiз, Сəрсен Оспанович, əлi қаша қойған жоқ. СƏРСЕН: Қашпаса, қашады да!


МƏКЕН: Өзiң де сопиып жалғыз қалған шығарсың?!


СƏРСЕН: Мiне, өзiңiздiң дөрекi адам екенiңiздi əйгiлеп тұрсыз.


Сирек кездесетiнiм бұндай жақсы болар ма?


 


МƏКЕН: Бүгiнгi ұшырасқаныма да өкiнемiн. Қызғаншақ сорлы, сен болмасаң бəрi де тыныш едi.


СƏРСЕН: Екi жүздi бұлаң құйрық!


МƏКЕН: Менiң Ереновпен кездескенiмдi бiлмегенiң қандай жақсы болған, əйтпесе маған күн көрсетпес едiң.


СƏРСЕН: Солай ма?! Олай болса, Кəрiбайдың тойында мен де Сəулемен сүйiскен болатынмын.


МƏКЕН: Бiлiп қой, дəл сол жолы актерге телефон номерiн əдейi берiп, арнайы жолыққанмын. Немене, көңiлiңе жақпай тұр ма?!


СƏРСЕН: Бəрiбiр ол саған үйленбедi ғой, немесе бiраз əурелеген соң тайып тұрған шығар.


МƏКЕН: Қателесесiң бауырым, ол менiң күйеуiм. Ал сенiң Сəулең…


СƏРСЕН: Сəуледе шаруаң болмасын! Ол менiң əйелiм. МƏКЕН: Солай де?


СƏРСЕН: Солай! Актерге сəлем! Сiздi қайтып көрмеспiн деп сенем!


МƏКЕН: Мен де солай ойлаймын! Бiрақ Сəуленiң сатқындығына таңырқаймын, менен дəл осылай сəлем айт.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу