01.03.2022
  149


Автор: Оспан Әлсейіт

АҚТӨС

Алты айлық оқудан кейін демалысқа шығып ауылға келе жатырмын. Көктемнің нағыз құлпырған шағы. Автобустан түн ішінде түстім. Ауыл ұйқыда. Күйреуік пен жусан исі мұрын жарады. Далаға біреу әтір шашып тастағандай. Ауылға барар жолдағы төбеден түсіп келем. Сағыныштың әсері ме, төбе бұрынғысынан пәсейіп кеткендей көрінеді. Қуаныштан адамға қанат бітеді екен ғой. Аяғым жерге тиер-тиместей болып келеді.


Көзге түрткісіз қараңғы түн. Күн шығыс жаққа енді. Ағараңдай бастаған. Жүріп келем. Кейде жолға тұрып қалған қақтың суын байқамай кешіп кетемін. Бір кезде қарсы алдымнан біреудің ентіге суды шалпылдатып келе жатқанын естідім. «Бұл кім екен, бейсауыт жүрген? Үйдегілер меніңбүгінкелетінімдібілмеушіеді ғой», – дедім іштей. Жаңағы өзімді еліткен тәтті сезімнен айырылып қалдым. Жақындап қалған кезде анықтап қарадым. Ит екен. Қауып алмасын деген оймен бойымды жинап алдым. Жаныма да келіп қалды. Тіпті еркін. Таныдым, өзіміздің



  • Ақтөс! Құйрығын бұлғаңдатып келіп, қыңсылайды. Танығаны ғой мені. Желкесі күжірейіп, дәу ит болып: «Ау, Ақтөс, мені қарсы алуға келгенсің бе?» – деп басынан сипадым. «Сен өзің ақылдысың, ей», – деймін. Бір озып, бір қайтып келіп шапқылап жүр. Менімен кездескеніне қуанғандай. Мен де қуанып қалдым. Мені Ақтөс қарсы алады деп ойламаппын да. Арқасын жерге беріп, бауырын жата жазып, жата қалып еркелей қыңсылайды. Өзім


 


жолдан шаршап келе жатырмын. Үйге тезірек жетсем деп келемін. Үйге де жеттім. Ақтөс жаңағы әдетін қайталай берді. Апам сыртта жүр екен. Мені көріп қалып, үйдегілерге естірте:



  • Үйбай-ау, баламыз келіп қапты ғой, – деді де бетімнен шөп еткізіп сүйді. Басқалар ұйқыда екен. Біртіндеп ояна бастады.


Сол кезде арт жағымнан Ақтөстің ұмтылғанын сезіп қалдым.


Апам: «Кет, әй, кет!» – дегенше болмады, күрткемнің етегін алып түсті.


Әкем: – Мына ит немене, құтырған ба өзі, – деп Ақтөске сес білдірді. Сонда барып Ақтөстің мына қылығын енді түсінгендей болып:



  • Қой тиіспеңдер, мені сағынып қалған ғой, ұмытып кетіппін, – дедім де сөмкемді қарындасыма беріп:


– Ақтөс, Ақтөс, келе ғой, келе ғой, – дедім. Құйрығын бұлғандатып алдыма кеп бауырын жазып жата қалды. Сипалап біраз отырдым. Ашуы тарқаған сияқты. Жаңағы ашуланған себебі, осы екен. Ал, бұған үйреткен де өзім едім. Біздің үйде ит жоқ болатын. Сегізіншіде оқып жүргенде, көрші ауылдағы Амангелдінің иті күшіктепті дегенді естіп, сабақтан келген бойы солай қарай тарттым. Ауласында жүр екен. Мені көріп: «Неге келдің?» – деді.



  • Маған күшік беріңізші, – дедім.


–Бұл қуларға дауа бар ма? Итіңнің күшіктегенін өзіңнен бұрын біліп қояды, – деп күліп қораға қарай беттеді. Күшікті алып шықты да:



  • Әкең ақша берді ме? – деді қуланып.

  • Жо-жоқ, әкеліп берем, – дедім бермей қояды ма деп қауіптеніп.

  • Әшейін айтамын, ақшаңның керегі жоқ. Бұл қаншық жылда күшіктейді. Қайтып құтылсам екен мұнан? – деп ол мұңын шағып кетті.


 


Ал менің назарым күшікте. Қолмен ұстағанша асығып тұрмын. Пальтомның өңірін ашып жіберіп, қойныма сүңгітіп жібердім. Бір-екі рет қыңсылады да, бұйығып ұйықтап кетті. Атын не қойсам екен деп ойланып келемін. Құттыаяқ қойсам ба деп едім, ауылдың екі итінің бірі


«Құттыаяқ». Өзім білетін ит аттарын есіме түсірдім. Жолбарыс, Қабылан, Көксерек...


«Ақтөс» дедім, төсіндегі ақ жүнін байқап қалып. Есімің



  • Ақтөс, Ақтөс деп басынан сипалап қойдым. Апам:

    • Бұл бәлені неменеге әкелдің, түні бойы қыңсылап мазаны алады ғой, – деді. Қуанғаннан адам оған мән береді ме?

    • Ештеңе етпейді, үйреніп кетеді, – дедім. Қыс ортасы. Күн суық. Ескі киізге орап, ағаш жәшікке орап қойдым. Бір-екі күн қыңсылады да, қойып кетті. Күнде есік алдына алып шығып, бауырынан сипалаймын. Үйден жылы- жұмсақты ұрлап шығамын. Біліп қалған апам: – Тағы да итке апара жатсың ба? – деп дауыстайды. Мен үндемей құтыламын.




Ақтөс тез өсіп кетті. Көктем шығысымен далаға жібердім. Жанымда салпақтап шауып жүреді. Бауырынан сипалағанға әбден үйреніпті. Кез-келген жерде аяғыңа оратылып бауырын жазып жата қалады, сипала дегендей. Тағы да кім екен демейді, үй-ішінің бәріне сөйтеді.



  • Мына бәле жүргізе ме, жүргзбейді ме? – дейді әкем кіжініп.


Күзде апам тауық асыраймын деп, базардан төрт- бес тауықтың балапынын сатып әкелді. Апам келісімен бәріміз шайға отырғанбыз. Кішкентай інім жүгіріп келіп:



  • Ақтөс бір балапанды жеп қойды, – деді ентіге.


Үй алдына жүгіріп шықтық. Қораның түбінде балапан жатыр. Жан-тәсілім қылыпты. Тамақтан бір-ақ салған ғой ауызды.



  • Бұл бәле тауықты көрмеген, – деп ақтап жатырмын


 


Ақтөсті.


Расында солай, қайдан білсін мұның тауық екенін, оның бізге керек екенін. Әкем Ақтөсті ұстап алды да, байлап қойды. Қыңсылағаны жүрегіңді шымырлатады.


Сол байлаулы күйінде үш күн тұрды. Түні бойы қыңсылап шығады. Тамақ та ішпейді. Жақындасаң ырылдап өзіңе айбат шегеді. Босатайын десем, әкемнен қорқамын. Көрші ауылдағы үлкен атамның келе қалмасы бар ма? Қыңсылап жатқан Ақтөсті көріп:



  • Ой, бұларың не? Босатыңдар! Ит болған соң ұмтылғанда. Иттің аты ит қой. Иттік қасиетін жоғалтқан ит, ит болушы ма еді. Енді өзі де тимейтін шығар, – деді.


Әңгіменің өзі жайында болып жатқанын түсінгендей, Ақтөс қыңсылағанын қоя қойыпты. Бардым да босатып жібердім. Содан кейін ол тауықтарға тимейтін болып кетті. Тауықтар енді Ақтөстің жанында тіпті еркін жүретінді шығарды. Жалпы, Ақтөстің ақылдылығына сенуші едім. Ал кішкентай екі інімнің Ақтөсті есек қылып мініп алатынын қайтесің, тіпті құлағынан тартса да маңқиып жата береді. Келесі күзде оныншы бітірдім де, оқуға түсіп кеттім. Ауылдан шығып көрмеген бозбала ауылдың ит екеш итінде сағынады екен. Мен де Ақтөсті сағындым. Бұлардың бәрі жаңа – Ақтөс мені қауып ала жаздағаннан кейін есіме келіп отырған нәрселер ғой. Шай ішіп, бәріміз ұйқыға жаттық. Таңертең тұрсам, Ақтөс есік алдындағы төбенің үстінде жатыр екен.



  • Ақтөс, Ақтөс, – деп шақырып ем, жүгіріп келді. Тағы да бауырын жазып жата қалды.


Апам: – Үсті батпақ қой, киіміңді былғар, – деді. Мен:


......... – Ештеңе етпес, – дедім де бауырынан сипаладым. Ауылда екі-үш күндей болдым. Қойға барсам да, тойға барсам да, Ақтөс жанымнан бір елі қалмайды. Салпақтап ереді де жүреді. Тек алдыңнан бір мезет шыға


 


қалғанда: «Ой, мынау қай уақытта келіп қалған?» – деп таңданасың. Кішкентай кезінде жаныма еремін деп көрші ауыл иттерінің тісі батқаны бар бір-екі рет. Мені пана тұтып жаныма тығылатын. Ал қазір иттер Ақтөске бата алмайтын болыпты. Ол қазір желкесі күжірейген үлкен ит. Біреуі қыңқ демейді. Ал өзінің көрінген итке ұмтылатын әдеті жоқ.


Бүгін менің қайтатын күнім. Соны білгендей Ақтөс те түн ұзақ үйдің алдындағы сәкінің астынан шықпай жатып алды, мені аңсағандай. Міне күн де батты. Үй-ішімен қоштасып, Арысқа апаратын сүрлеумен жүріп келем. Ақтөс жанымда арсалаңдап келе жатыр. Біресе оң жағыма, біресе сол жағыма шығады. Ал жолға жақындағанда алдымды кес-кестеп жүргізбей қойды.



  • Кет, Ақтөс, кет! – десем, онан сайын өршелене түседі. Сірә менің алысқа көп уақытқа кетіп бара жатқанымды сезеді. Жолға да жеттім. Қырсыққанда машина де келмей қойды. Бір сағат уақыт өтті. Ал, Ақтөс болса жолдың қарсы жақ бетіндегі үйілген тастың үстінде шоқиып отырды да қойды. Кететін ойы жоқ. «Мені шығарып салып бір-ақ кетейін дегені ме?!» – деп ойландым. Міне, автобус та келіп жетті. «Қош, қош» дегендей, бір-екі рет еркелей қыңсылап қойды.

  • Ал, Ақтөс қош бол! – дедім де автобусқа мініп кеттім. Ашық есіктен дауысымды естіген бе, алдыңғы қатардағы бір-екі кісі итпен сөйлескені несі дегендей таң қалған сыңай танытты. Біраз жер жүргеннен кейін, терезеден Ақтөс әлі тұр ма екен деген оймен арт жаққа көз салған едім, әлі тұр екен. «Қош, Ақтөс!» – дедім күбірлеп. Көзіме жас келіп, көңілім босап кетті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу