01.03.2022
  124


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ҰЛы ЖЕңіСТің ҚҰНы ҚАНША?

Миллиондаған адамның өмірін жалмаған әрі мерейін үстем еткен осы бір тарихи оқиғаға биыл аттай 63 жыл то- лады. Жиһандық соғыстың аяқталғанына орай тойланған 55 жылдық, 60 жылдық мерекелерді көптеген майдангер көре алмай көз жұмды. Неге екенін қайдам, жыл өткен сайын осы бір тарихи оқиғаны ел есінен ұмыттырып, құнын түсіріп, тойлатпауға әрекет еткен адамдардың тобы көбейіп келеді. Бұл аға ұрпақтың ерлік рухын, ар-ұжданын, намысын жерге тығып, тірілей өлтіру ғой.


Тарихта ағылшын-бур соғысы сияқты жүз жылға созылған қақтығыстар да болған. Бірақ, олар бір текетірестен кейін 4-5 жыл демалып, ұрысты қайта жалғастырған. Ал, екінші дүниежүзілік соғыстың жөні бөлек. Бес жыл бойы мігірсіз, қан теңізін кеше жүріп, шыбын жанын шүберекке түйіп алып, жаяу-жалпылап Берлинге дейін жетудің азабына о дүниедегі сират көпір де астар бола алмайтын шығар.


Бес жыл бойы сіркіреген ажал бытырасының ішінен аман шығып, бүгінге жеткен майдангерлер Жеңіс күнін өлсе де ұмытар ма?


Осының айғағындай, дауылпаз ақын Қасым Аманжолов- тың 1945 жылғы 7 мамыр күні Берлин маңындағы казарма- да таңғы ұйқыда жатып естіген, Ұлы Жеңісті жырға қосқан


«Жеңіс дауысы» деген өлеңін тебіренбей оқу мүмкін емес.


Жеңіс даусы құдіретті үн, Құйылды кеп кеудемізге.


Қалдық ұйып. Дүние шіркін, Өліміз бе, тіріміз бе?


Тік көтеріп шаттық дауыл,


Өрт боп қаулап шықтық сыртқа. Өскен қала, туған ауыл,


Не күйде екен осы уақта?!


Міне, ұлы Жеңісті жалғыз ақын Қасым Аманжолов емес, миллиондаған жүректер осылай қарсы алды.


 


Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей- теңіз екенін байқар еді. Осы бір аяқ астынан басталған әді- летсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Республика ұлы жеңіс үшін орасан экономикалық үлес қосты. Қазақстаннан май- данға қорғасынның 85 пайызын, мыстың 30 пайызын, көмір мен мұнайдың барлығын өндірді. Сол ауыр жылдарда еліміз майданға 6 миллион тонна бидай, 797 мың тонна ет, 150 мың мініс жылқысын берді. Сондай-ақ, республикамыз 4 милли- ард сом ақша жинап, әскери техникалар мен қару-жарақтар сатып әперді. Бәрі ештеңе емес, кімге кетпей жатқан байлық, бірақ орны ешқашан толмайтын, майданда опат болған 394 мың ер-азаматты айтсайшы! Бұл елімізде 394 мың әйел жесір қалды деген сөз ғой! Осы әділетсіз қан-қасап соғыстан кейін бүкіл КСРО, оның ішінде Қазақстан да күйреп қалды.


Алайда, дүниежүзін шарпыған жиһандық соғыс қазақ хал- қының батыр ұлт екенін баршаға мәлімдеді.


«Правда» газетінің бетінде 1941 жылы қазан айында «Қа- зақтар» деген мақала жарияланды. Бұл Мәскеуді қорғаған 8-гвардиялық Панфилов атындағы дивизия туралы еді.


«Олар салт атпен далада жүруге үйренген, егер қажет болған кезде еңбектей де алады, таулы жерде шыңға да өр- мелейді, батпақты жер болса, белуардан саз кешіп те жүре бе- реді. Әйтеуір қазақтарды ештеңе тоқтата алмайды», – дейді И.Эренбург.


Белгілі ағылшын тарихшысы Александр Верт өзінің «Ре- сей 1941-45 жылдағы соғыста» деген кітабында: «Қызыл ар- мияның табанды солдаттарының бірі қазақтар болды, тұтас алғанда қазақтар бүкіл соғыс бойында өздерін жақсы жағы- нан таныта білді. Тіпті Сталинградтың өзінде ең өжет сол- даттар қатарында қазақтар тұрды», – («Прогресс» баспасы, Мәскеу. 1967 ж. 415-бет) дегенді айтады.


Қазақ табиғатының адалдығына, жанқиярлығына беріл- ген баға Кеңес дәурінде әділ болмағанын да мойындау ке- рек. Кейінгі деректерге сүйенсек, бұрын айтып келген адам


 


шығыны Кеңес Одағында 20 миллион адам десек, қазір 27 миллион жан болғаны анықталып отыр. Оның ішінде оры- стар өз халқының 6 пайызынан, украиндар 8 пайызынан, бе- лорустар 10 пайызынан айырылса, қазақтар 13 пайызынан, яғни 394 мың адамын жоғалтыпты. Бұдан соң, «қазақтардың басқа ұлт өкілдерінен көп өлуінің себебі неде?» деген сұрақ туады. Көптен бері осы мәселемен айналысып жүрген З.Те- мірғалиұлының айтуынша, оның бірнеше құйтырқылары бар екен. Біріншіден, қазақтардың әскер қатарына көптеп алы- нуынан. Өйткені, соғыс басталар кезде, бүкіл Қазақстан бой- ынша екі-ақ қазақ әскери комиссар болыпты. Орыстар кел- гендердің біреуін де қайтармай, топ-тобымен соғысқа жө- нелткен.


Екіншіден, соғысқа алынғандардың көбі орыс тілін біл- мейтін. Не командирлерінің бұйрығын түсінбей, не қару- жарақты жақсы меңгере алмай қиналған. Үшіншіден, қазақ- тарды соғыстың ең ауыр тұстарына, әрі алдыңғы шепке жі- беріп отырған. Бұл аз десеңіз, Рейхстагқа Жеңіс туын бірін- ші болып тіккен Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Бу- латов та атақсыз қалып қойды. Бұларды 150-ші дивизия командирі Шатилов құшақтап сүйіп, Жеңіс туын тігіп, аман- есен қайтқандарын құттықтап, қуанышпен жоғарғы жақтағы командашыларға баяндайды. Олар екінші рет Жеңіс туын қайта тіктіруге бұйрық беріп, біреуі – орыс, екіншісі – «ұлы көсемнің» жерлесі болуы керектігін айтады. Бұдан соң орыс Егоров пен грузин Кантария дегендерді жіберіп, екінші Жеңіс туын тіктіреді. Бұл мамырдың 1-күні еді. Ал, Қошқарбаевтар 30-көкек күні түстен кейін тіккен болатын.


Жақында интернеттен журналист Қалдархан Қамбардың Берлинді алардағы сұрапыл шайқасқа қатысқан қазақ жауын- гері Әсет Кемпірбековпен жүргізген сұхбатына көзім түсті. 1945 жылғы сәуір айында, дәл Рейхстаг табалдырығында Әсет ауыр жараланып, госпитальға түседі. Көп ұзамай Рейхс- тагқа бірінші болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев, ал оны қорғап отырған  Григорий  Буалтов  екені  госпиталь- да жатқандарға да мәлім болады. Кейіннен ұлы ерлікке қия- нат жасалғаны, мәселенің қалай өрбігені бәрімізге белгі-


 


лі ғой. Алайда ең ғажабы мына бір дерек: Ұлы Отан соғы- сының аяқталғанына қырық жыл толған күні, яғни 1985 жылғы мамырдың тоғызыншы жұлдызында 1-ші Белорусь майданының құрамында болған үшінші армия ардагерлері Қызыл алаңға жиналады. Сол күні Рақымжан Қошқарбаев біраз кешігіп келіп, саптағы Әсет Кемпірбековтің қасынан орын алады. Әскери шерудің дәл ортасында 150-ші диви- зияның командирі, генерал Шатилов, оның қасында диви- зияның туын ұстап Кеңес Одағының батыры Кантария тұ- рады. Өзі біраз кешігіп әрі ашулы келген Қошқарбаев бір мезгілде адымдап барып, Кантарияның қолынан туды жұлып алып, Әсет Кемпірбековтің жанына оралады. Жұрт сілтідей тынып қалады. Бір кезде генерал Шатилов та Қошқарбаевтың қасына келіп, онымен бірге тұрады. Кантария ұяттан өртеніп, саптан безіп жоғалады. Әсет Кемпірбековтің айтуынша, ге- нерал Шатиловтың ту ұстаған Қошқарбаевтың қасына келіп тұруы – тарихи шындықты мойындау еді. Сонымен қатар, бұл деректі 1985 жылғы 2 мамырда Орталық басылымдарда жарияланған екі фотосурет те анық дәлелдейтіндей.


Қалай дегенмен де, журналист Қалдархан Қамбардың ин- тернеттегі осы сұхбаты бірнеше шетелдік басылымдарға та- мызық болғандай.


Сонда бұл алалаушылық «Солдатқа әмір бер, бірақ ерлігін кемітпе» деген Суворов сөзін жерге тыққандық емес пе? Қа- зақтың батыр ұлдары соғыстың өнебойында және одан кейін де талай шетқақпайлықтарды бастан кешірді.


Кубаның, Израильдің әскери академияларына аты берілсе де, қас батыр Бауыржан Момышұлы көзі тірісінде Батыр атағын заңды түрді ала алмай, полковник дәрежесімен дүние- ден өтті.


Бүгінде терең зерделеген адам екінші дүниежүзілік соғыс тек КСРО мен Германияға емес, Еуропадағы бірнеше шағын мемлекеттерге де орасан зиян тигізгенін байқар еді. Жылдар өте келе осы ғаламат қырғын туралы жаңа деректер белгілі бола бастады. Осы екінші дүниежүзілік соғыста хабар- ошарсыз кеткендерді қоса есептегенде 70 миллиондай адам жер жастанды. Бұдан 130 жылдай бұрын Ф.Энгельс болашақ


 


қақтығыстардың нақты көріністерін ғажайып дәлдікпен су- реттеп берді. Ол: «Бұл көлемі де, күші де бұрын көріп біл- меген ауқымдағы бүкіләлемдік соғыс болар еді. 10 милли- оннан 20 миллионға дейінгі әскер бірін-бірі тұншықтырып, бүкіл Еуропаны түк қалдырмай, бұрын-соңды болмаған қа- лың шегірткедей жалмап жұтып қояды».


Шынында да, Энгельстің өзі көрмеген екінші дүниежүзі- лік соғыс дәл осы шамада өткені белгілі.


Бүгінгі кейбір ойшылдардың көзімен қарасақ, бұл әлемдік соғыс Гитлер мен Сталиннің өзара бақталастығынан туын- дап, Жер шарының тең жартысындағы бейбіт тірлікті талқан- даған, миллиондаған адамның обалына қалған зұлымдық қырғыны болғанын көреміз.


Бір кезде «Еуропада фашизм қалай туды?» деген сұраққа жауап бере келіп, Нобель сыйлығының лауреаты, неміс хал- қының гуманист жазушысы Томас Манн былай деген екен:


«Біздер алғашында фашистік элементтер не бүлдіреді деп мән бермей, немқұрайдылыққа салынып жүрген кезде, олар біртіндеп үстемдік алып алды да, шетімізден біздерді бір- тіндеп құрта бастағандықтан, көбіміз шетелдерге қашып бас сауғалауға мәжбүр болдық. Ендеше, барлық қасірет атаулы- ның түп-төркіні немқұрайдылықтан басталады деуге толық негіз бар».


Бүгінгі күн биігінен қарағанда да адамзат баласы осы немқұрайдылыққа әлі толық мән бермей, атүсті қарап отыр- ғаны қынжылтады. Дүниенің әр түкпіріндегі бейберекет қақтығыстар осының айқын дәлелі. Тіпті, үшінші дүниежү- зілік соғыстың да басталып кету қаупі Жер шарының бейбіт тұрғындарын тыныш ұйықтатуды қойды.


Бұрынғы бүкіл КСРО құрамында болған республикалар майдангерлері, оның ішінде Қазақстан соғыс ардагерлері де жыл сайын жеңіс мерекесін асыға күтіп, қимастықпен шыға- рып салады.


Бірақ, жыл өткен сайын осы бір айтулы оқиғаның құнын түсіріп, оны мерекелеуге қарсылардың да табылып отырғаны шындық. Олардың пікірі былай өрбиді: «Германияға канцлер болып ефрейтор Гитлер террорлық жолмен келсе, Сталиннің


 


де одан асқан ештеңесі жоқ. Әкесі маскүнем Джугашвили етікші, өзі 2 класс духовный семинарды бітірген бұрынғы патша өкіметінің полиция тыңшысы. Осы екі басшы да ке- реметтей саясаткерлер емес, оқымыстылардың, ғалымдардың еңбектерін өз аттарына пайдаланып, шын иелерінің көздерін құртып, оңай беделге ие болғандар. Германия кеңес үкіметіне қарсы 11 кішкене мемлекеттердің қатардағы армиясын қар- сы қойса, Кеңес одағы құрамындағы 15 республиканың ер- кек кіндігін қалдырмай, сол алапат соғыстың сарқыраған қазанына тастап кеп жіберді. Мәселен, өлім жағынан өзбек- терден 450 мың адам опат болса, қазақтардан 1 миллион 200 мың адам шығын болғанын қазіргі тарихшыларымыз дәлел- деп отыр. Көрдіңіз бе, қазақ сонау Кенесары ұлт-азаттық қозғалысынан кейін қолына мылтық ұстамаған. Бұл соғыста Германия жеңілген жоқ, қайта жеңді. Өйткені, олардың ар- мия қолбасшылары өте көрегендік жасап, халқын қырып алмас үшін реті келгенде тұтқынға түсті. Кеңес үкіметінің қолбасшылары, мысалы, Жуков: «до последнего солдата, до последнего патрона ни шагу назад» деп жер тепкілеп, 20 мил- лион адамды құрбандыққа шалды. Тұтқынға түссе, артын- дағы әйелі, бала-шағасы атылды. Шегінсең артыңда қарулы отряд бар, олар атады. Сөйтіп,  неміс  халқының  соғыста 6,5 миллион адамы ғана  шығын  болды.  Соғыс  басталар- да 45 миллион халқы бар Германия қазір 80 миллион бол- ды. Олар 80 мемлекетке экономикалық көмек көрсетуде. Ал, біздің қазақ ұлты қазан төңкерісіне дейінгі халықтың саны- на 1989 жылы әзер жетті. Соғыс аяқталғанда 1947 жылғы санақта 2,5 миллион адам қалыпты. Осы 75 жыл кеңес үкіметі тұсында 7 рет қырылып, 5,2 миллион қазақ опат болып, яғни демографтардың есебі бойынша 3 рет ұрпақ әкеліп, кемі 3 баладан туса 45 миллион қазақ халқы жойылды деген сөз. Кеңес үкіметі неміс халқын фашистер деп үйретті. Сол кешегі Коммунистік партияны Ельцин «фашистская преступная ор- ганизация» деп дүние жүзіне теледидардан мәлімдеген жоқ па?


Еліміз егемендік алғалы 17 жылдан асып барады. Сөйтіп


 


отырып адыра қалған Кеңес үкіметінің 9 мамыр мерекесін не бетімізбен тойлаймыз?»


Міне, Жеңіс күнін бүкілхалықтық мереке ретінде атап өтпей, жазықсыз опат  болғандардың  аруағына  бағыштап ас беретін қаралы күнге айналдырайық дейтіндердің пікірі осындай.


Бұл мереке, шынын айтқанда, бір жағынан қаралы кезең болғанымен, ерлік пен елдік, ар-намыс, отаншылдық пен биік рух аяусыз сынға түскен ғаламат тарихи сәт еді. Енде- ше, өткеніміздің қадау-қадау оқиғаларын сезім көзімен сүзіп өтпей, оған сындарлы әрі байыппен қарайтын кезең келді.


Адамзат тарихы алуан-алуан тарихи кезеңдермен әдіпте- леді. Әр заманның өзіне тән сыр-сипаты, ерекшеліктері бар. Қандай қоғам болмасын, олар өмір елегінен өтіп жатады. Бұл



  • тіршілік заңы. Ал, өмірдің сайрап жатқан кең даңғыл жо- лы жоқ. Оның жарқыраған жарық күні де, түнерген тұманды түні де бар. Осындай алмағайып кезеңнің бірі – Ұлы Отан соғысы екені белгілі. Қандай ұлы оқиға болмасын, оның та- рих талқысына түсуі заңды. Әбден сұрыпталу барысында осы оқиғаға байланысты қиялы-қилы пікірлер де айтылуы мүм- кін. Алайда, Ұлы Жеңістің құнын түсіру – бүтін бір ұрпақтың жанқиярлық ерлігін мансұқ ету екенін де ұмытпайық.


«Ана тілі», 6.05.2004 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу