01.03.2022
  144


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ӘЛЕуМЕТТік бОЛАШАғыМыЗ ҚАНДАй?

Тұла бойы күш қуатқа толы, білімді де зерделі, алымды да қарымды азаматтарды ұйымдастырудың, қолына еңбек құралдарын беріп, жеке басымен отбасының, халқы мен қоғамның игілігі үшін еңбек етуге мүмкіндік туғызудың ор- нына, оларды шетелдік босқынға қор етіп, құл базарына ай- дап тастағанымыз қалай? Шетелдік жұмысшыларға бәйек бо- лып, өз мамандарымызды келеке қылғанымыз қалай?


Алматыдағы он бес шақырымға созылған Сейфуллин даңғылының бойында қазақ азаматтары сеңдей  соғылы- сып тұр. Темір жол бекетінен қаланың ортасына дейін са- нап шыққанымызда 800-дей жанды көзіміз шалды. Міне, атақты “Құл базары” дегеніміз осы! Тіпті, бұл жерде тұр- ғандардың кейде із-түзсіз кетіп жатқандары да баршылық. Өйткені, жоқтаушысы жоқ, таяныш, сүйенішінен айырылған міскіндерде құн бола ма? С. деген 32 жастағы қазақ жігіті өзі- нің көрген құқайын айтып зар иледі. С-ны Сейфуллин көше- сінің бойынан әлдебір жұмысқа екі полицей көлігіне отырғы- зып алып кетеді. Әлгі “қызыл жағалылар” оны Алматыдан 80 шақырымдай қашықтықтағы елеусіз шаруа қожалығына әкеледі. Осы жерде оны аяусыз ауыр жұмысқа жегеді. Тіпті, 12 күн сол жерде тұтқында болған әлгі жігіттің айтуынша, ақшаға құныққан полицейлер шаруа қожалықтарының бас- шыларынан тапсырыстар алып, қаладан қорқытып-үркітіп талай қыздарды сонда апарып, сауыншылыққа еріксіз көн- дірген көрінеді. Егер С. бұл жерден қашып шықпағанында өміріме қауіп төнетін еді дейді.


Қысқасы, ендігі жерде аяқ астынан адам жоғалса, үмітті үзуге болмайды, кім біледі, қала сыртындағы бір шаруа қо- жалығында “іс сапарда” жүрген шығар...


Қалай дегенмен де, көше бойында тұрған жандардың жа-


 


бырқау жүздері жанға батады. Көздеріне тура қарай алмай- сың.


Ал, сонда қазақ жастарына ыңғайлы кәсіп атаулы құрып қалғаны ма? Алматыда 30 500 жұмыссыз ресми тіркелген. Егер шындығын айтсақ, солардың қолдарынан келетін жұ- мыстардың барлығын визасыз қашып-пысып жүрген 10 мың шетелдік жанбақылар біржолата алып қалған. Себебі, сырт- тан келгендер біздің жігіттердей саудаласпайды, “қожайын- ның” бергеніне риза. “Болашақ” базарының өзінде шамамен алғанда 42000 контейнерде 16 мыңнан астам адам қаракет етіп жатыр. Ал, жалпы сол базарлар орналасқан ауданда 32 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етсе, соның 12 мыңы тағы да шетелдіктер көрінеді. Жергілікті кәсіпкерлер бүгінгі күні миг- ранттардың ағылып келе бастауы – базарлардан 30 пайыздай қазақстандықты ығыстырып шығарады деп шағымдануда. Осы мигранттар, шетелдік кәсіпкерлер қонақ үйлерге жола- майды, қаладан пәтер жалдауға құштар. Олар заңды түрде не- ге қонақ үйлерде аялдамайды? Егер бұлай істелсе, бірінші- ден, елімізге шетелден құйылып жатқан әртүрлі пиғылдағы жандарға бақылау жасау оңай болар еді. Қазір Алматыда кез- келген шетел азаматы болмашы қаржыға 2-3 бөлмелі пәтерді жалдап алады да, еш жерде тіркелмей-ақ ойына келгенін істеп жүре береді.


Қарап отырсаңыз, осы Алматының өзінде де жұмыс жет- кілікті. Осыдан 5–6 жыл бұрын пәтерлерді еуропалық мәнер- де жөндейтіндер славян балалары еді. Қазақтар бұл кәсіпті енді-енді үйреніп, кірісе бастағанда, Өзбекстаннан андызда- ған арзан құрылысшылар осы жұмысты олардан тағы тартып алды.


Сонымен қатар, тағы бір сорақылығы – елімізге келген шетелдік саудагерлер мен инвесторлар қаржы күшімен бірге адам күшін де ала келуді әдетке айналдырып алған. Жалғыз Алматыда ғана емес, еліміздегі қыруар кәсіпорындар, меке- мелер осы тақылеттес. Өткен жылы Ұлттық қауіпсіздік ко- митетінің Атырау облыстық департаменті ТШО офисін са- лып жатқан түріктің “Финтрако-Тепе” фирмасында 122 түрік жұмысшысының туристік жолдамалармен Атырауға келіп, одан әрі еңбек лицензиясыз жұмыс жасағаны анықталды.


 


Осы өңірде Ресейлік «Ульяновскмостстрой» филиалында да заңсыз жұмыс істеген 120 ресейлік жұмысшы белгілі болды. Ең өкініштісі, бұл шетелдік жұмысшылар жергілікті құры- лысшылардан еңбекақыны 17 есе көп алатыны жаныңды ауыртады. Осылайша, бірте-бірте қазақ халқы өз туған топы- рағында отырып, кісі есігіндегі ұлтқа айналып барады. Оның басты себебі күнкөріс кәсібінен қағылғандығы болып отыр.


Мысалы, Алматы ішкі істер басқармасы, миграция по- лициясы бастығының орынбасары, полковник Зейнеш Иса- беков былай дейді: «Алматы қаласынан 2000 жылы 50 000 шетелдік мигрантын шығарып жібердік. Олардың тең жар- тысы – қытайлықтар. Алайда, босқындардың оңтүстік аста- наға ағылуы тоқталар емес. Қазір миграциялық полиция- да мыңдаған жалған құжаттар тау-төбе болып үйіліп жатыр. 2001 жылы Алматыға заңсыз орналасқан шетелдіктер 103 мың болса, 2002 жылы 226 000-ға жетті.


Бұлар негізінен «барахолканы», арзан жұмыс орындарын басып алды.


Соңғы уақытта Алматы қаласындағы шетелдік елшіліктер мен консулдықтар қызметкерлері де шектен шығып барады. Осыдан үш жыл бүрын Төле би мен Момышұлы көшелерінің қиылысында сүт сатып отырған «Красный Восток» ауылы- ның тұрғыны 57 жастағы Күлжаһан Құдайбергенова деген әйелді дипломатиялық нөмірі бар джип таптап кетті. Әлгі әйел сол жерде тіл тартпастан көз жұмды. Кейіннен анық- талғандай, сол кезде көлікті жүргізіп келе жатқан Египеттің Қазақстандағы елшісінің әйелі Дина Эль Фиси болып шықты. Кейіннен бүл оқиға да аяқсыз қалды. Осыдан екі жыл бұрын АҚШ-та сол елдің азаматын басып кеткені үшін грузин ди- пломаты ұзақ мерзімге сотталғаны есімізге түседі.


Әсіресе, еліміздегі дипломатиялық көліктерді жүргізуші- лер өздерін МАИ қызметкерлерінің тоқтатуға құқығы жоқ екенін біліп, кейде мас күйінде жүргізіп, жол ережелерін өрескел бұзуды әдетке айналдырған. 2001 жылы АҚШ елші- лігінің жүргізушісі МАИ қызметкерін қағып, оны мүгедекке айналдырды. Шет елдік елшілік қызметкері тарапынан тағы бір өрескел оқиға Алматы қаласында жаңа жылдың алдында болды.


 


«Самал» ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен айналысып жүрген әйелдер бригадасының тас төбесінен жо- ғары қабаттан қабырға сырлайтын сырды құйып жіберген. Үсті-бастары адам көргісіз болып қалғасын, әлгі әйелдердің ішінен Айман Орынтаева жоғарғы қабатқа көтеріліп, сыр төгілген балкон арқылы пәтерді анықтайды. Сөйтсе, бұлар- дың төбесіне сыр құйған түрік елшілігінің қызметкері Хо- жа Ахметтің баласы екен. Баласын жазалаудың орнына, Хо- жа Ахмет сырға боялған Айман Орынтаеваны балағаттап, жағынан шапалақпен бірнеше тартып, бетіне түкіріп, есігін жауып алған. Медеу аудандық ІІБ-не шағымданған әйелдің арызына құзырлы мекемелер әлі күнге дейін түк шара қол- данған жоқ. Міне, келімсектердің, шетелдіктердің қалай-қа- лай қүтыратынын көрдіңіздер ғой! Бұлар Құдайдың ерке ұлы, Шадиярдың сәруары емес, қатардағы өзіміз сияқты пенде емес пе?


Бұл шет елдіктер тарапынан, келімсектер тобынан қазақ азаматтарының көріп отырған құқайының тек мыңнан бірі ғана. Мұндай бейбастыққа қандары қарайған қарапайым жұрттың ызадан қайралған азулары уақыт өткен сайын үш- кірленіп келеді.


Жалпы, бір мемлекеттің атын алып отырған байырғы тұр- ғындарды көрер көзге алалау, қайыршылық, құлдық қыл- мыстың өсуіне, адамгершілік және мәдени құндылықтардың жоғалуына әкеліп соғуы арқылы қауіпті.


Ендеше, келешектің жан шошырлық мылтықсыз майда- нын жонарқаңмен сезе отырып, мына түйінге тоқтағандай бо- ласың: тек сауатты ұлт қана мемлекет тізгінін ұстап тұра ала- ды, тек қайсар халық қана бір-бірін қиып жеп жатқан мына аласапыран дүниеде өмір сүруге хақысы бар. Он жыл ішінде дүниенің төрт бұрышына кезек-кезек жаутаңдаған қазақ ұлты өліара кезеңді де артқа тастап барады.


Шыққыр көзім не көрді: Қытайлық кожайын шіреніп көлігінен түсті. Белі қатпаған тоғыз жасар қазақтың қаршадай қызы әлгінің көлігін жууға кірісті. Әбден жуып болғанша байғұс балапанға күлімсіреп қарап тұрған қатігез қара темір елу теңгелікті лақтыра салды...


Сейфуллин даңғылындағы құл базарына сиыр жалағандай


 


тап-таза қымбат көліктерінен түсіп, аяқтарын шекіп басып үш түрік кәсіпкері жақындады. Ұзыннан-ұзақ тізілген қа- зақ жігіттерін мал сатып алғандай қол-аяғын тексеріп, күш қуатын өлшеп, жетектеп бара жатыр...


Осыған намысың қайнай ма, әлде селт етпей ме, а, қазақ?!


«Өмір» журналы, 2007 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу