27.02.2022
  151


Автор: Пернебай Дүйсенбин

АҚ АЛЬБОМНЫҢ ҰСЫНЫСЫ

 


Ақ Альбом біраз уақыт үнсіз тұрды да:



  • Қара Қарындаш десе, маған салған суреттеріңді сыртқа шығып көрсетсек қайтеді? – деп, өзгеше бір ұсыныс жасады.


 



  • Кімге?

  • Кімге? Күнді күнге, Ағашты ағашқа, Қызғалдақты қызғалдаққа, тағы басқаларын басқаларына көрсетейік...

  • Оның керегі не?

  • Қызық екенсің, өздерін жақсылап салғанымызды айтпаймыз ба?

  • Қара Қарындаш қуанғанынан серігін құшақтай алды.

  • Мына ұсынысыңа рақмет! Олар, сөз жоқ, бізге риза болады. Ал кеттік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу