27.02.2022
  126


Автор: Пернебай Дүйсенбин

ДОСТАСУ

 


Қара Қарындаш сықылықтай күліп, Ақ Альбомның қасына келді. Кенет бір орында шыр айналып, кілт тоқтай қалды да, керіле дем алды.



  • Қақшиып тік   тұра   беруден   әбден   жалығады   екенсің.   Тіптен шыдамым


таусылып кетті.



  • Мен сенің шыдамсыз екеніңді бұрыннан-ақ білгенмін.

  • Қалайша?

  • Қалай білдің дерің бар ма? Білгім келген соң білдім де.

  • Сонда қалай?

  • Денеңе бәкі тигенде, Көзілдіріктінің қолынан бұлт етіп түсіп кете жаздадың емес пе?

  • Мәссаған! Сен көріп жатқан екенсің ғой.

  • Әрине. Көзілдірікті: «Мына антұрған қайтеді-ей», – деп өзінен-өзі сөйлегенде, мен де күліп жібере жаздадым.

  • Шынымен бе?

  • Рас. Бәрінен сен таңдана тіл қатқанда, оның селк ете қалғанын, шошынғанын айтсайшы.

  • Неге?

  • Неге?! Ол сенің сөйлегеніңді шын аңғарғанда, шаруаң бітіп еді.

  • Не істер еді?

  • Еденге атып ұрып, беліңнен батпан аяғымен бір-ақ басатын еді.


Содан


соңғысын айтудың қажеті де жоқ.


Қара Қарындаш қобалжып қалды. Біраз ойланып тұрды да:



  • Иә, сөйтетінін сол кезде-ақ сезгенмін, – деді бәсең үнмен.

  • Оның өзі бір қиқар адам. Кеңседе отырып алып, боратып қағаз жазудан


қолы тимейді.



  • Саған да кезек келеді десеңші.

  • Иә, соны айт. Маған не жазатынын білсем ғой, шіркін!..


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу