27.02.2022
  1375


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

Досыма тілек

(Туған күнінде «мені мақташы» –
деген досыма әзіл)
Сен бақыттысың,
Қайдан ұстап алғансың
бақыт құсын.
Бес бие сабасындай
бәйбішең бар,
Қыз еді ғой
кешегі жақұт мүсін.
Сен азаматсың,
Жабы емес,
жауға мінер қазанатсың.
Ағыл-тегіл,
көл-көсір дастарқаның,
Айтқан тілек
май болып саған жақсын.
Сен бірбеткейсің,
Сонда да
дос көңілін кірлетпейсің.
Біреулерге
бірдеңе беріп пе едің,
Әйтеуір естерінен
бір кетпейсің.
 Сен нағыз
қазақтың батырысың,
Он жылда
бір қонаққа шақырыпсың.
Көп болды
көңіліңді көрмегелі,
Керек болсам
келер деп жатырмысың.
...Тесік болар тері де ыса-ыса,
Көзім тиіп кетпесін, тфа-тфа.
14.03.2013 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу