Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  373


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Пияз бен сарымсақ

Пияз
- Жағымсыз неме, кетіп ем қашып,
Келдің бе қасыма иісің сасып,
Сен үшін ұялып жерге кіремін
Бетімді басып.
Әрірек тұршы тым болмаса
Тұрайын пияз бетімді ашып.
Сен сынымды бұзбасаң
Елдің бәрі маған ғашық.
“Пи-яз, пи-аз?”- деп көргені қандай,
Теңгені салмақтап бергені қандай.
“Аппағын, қарашы, әдемі ” деп,
Қағады маған таңдай.
Айырар жұрт жаманы мен жақсысын,
Сен болсаң дәмсізсің әрі ащысың.
Сарымсақ деген атыңның өзі
Сасықтығыңның көрсетіп тұр нақтысын, - деп Пиаз
Сарымсақтың қуырды келіп апшысын.
Сонда саспастан Сарымсақ:
- Беу, туысым пиаз-ай!
Көзіңді тура ашшы!
Мен бе ащы, сен бе ащы
Ағайынбыз аталас
Тамырыңды таны алғашқы.
Сен пиаз!
Сақтансаң, басқадан сақтан,
Менімен қорланба, мақтан.
Ата-тегің Сәбіз емес,
Бәрібір Сарымсақтан.
Адамдардың көздерін бақшы,
Мендегі иіс сенікінен жақсы.
Мені тураса тырп етпес,
Сен туралғанда төктіресің жасты.
Бір атадан осындай
Шыға береді екен-ау, албасты!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу