Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  208


Автор: Өріс Яшүкірқызы

Крутойлар

 


Крутой мамасы: - Балам, төсегіңнен тұрғын,
Мұртыңды қырғын.
Тым болмаса сабағыңа
Барсайшы бір күн.
Машинаңды жөндеттім.
Серебро сырмен өңдеттім.
Правоңды МАИ
-дан алып
Олардың өзін тергеттім.
Тұрғанда ұзын қармағым
“Болашақты” да барладым,
Шет елде сені оқыту
Білесің ол да арманым.
Басыңды көтер, тұр деймін,
Жетекке жаным жүр деймін,
Крутой мамаң тұрғанда,
Крутой өмір сүр деймін
Мамаңды жерге қаратпа,
Төбеңді көрсет сабаққа,
Аттестатты қолға алшы
Салына бермей араққа..
 Крутой баласы: - Мам, мен Сізді ұқпадым,
Казинодан шыққанмын.
Понимаете, бүгін жуу керек
Қолым жүріп ұтқанмын.
Кездесу бар аса маңыз.
Мектепті атамаңыз,
Қиқылдай берсе директор
Қиқуын баса аламыз.
Емеспін өмірдің ақымағы,
Оқығаным татымады.
Аттестат та, мам,
Білемін, ол да сатылады.
Мам!
Ұлыңда бүгін шанс,
Өзі келмек миллион табыс,
Ал, Казинодан ұтылсам
Пожулуйста,
Бересің ғой қарыз.
Чоу! Мам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу