Өлеңдер ✍️

  23.02.2022
  127


Автор: Өріс Яшүкірқызы

ТОЙ

Қазақтың ойы емес қой бұзық,
Жүреді жаңалық десе қызып,
Содан соң болар кейде,
Өткізген тойлары қызық.
Дәстүрің өшіп санада,
Салтың ұлып далада,
Жүректі налытатын
Тойларды көресің қалада.
Қалыңдық отырмас жасып,
Кеудесі мен арқаны ашып,
Ортаға шығады биге
Көңілі судай тасып.
Мәселен би бар “Ламбада”,
Қарайтын жұрт таңқала
Бөксе былқылдайды,
Дамыл жоқ санда да.
Қалыңдық болса именбей,
Жұртпен бірге иреңдей,
Қайынағасы шықса да
Жұптаса қалады изеңдей.
Тойшылар болса ду
-ду!
Ал жынды әуен у
-шу,
“Приз! Приз! “ дейді
Өңешін жыртып бір қу.
Содан соң,
Көпшіліктің шығарып иі
-қиын,
Қвалыңдық ұрлатар туплииін,
Ал, тап ізде, тапсырма солай,
Тауып көр жетсе миың.
... Жарықтық атасы тапты
-ау,
Тамада айтып жатар мақтау,
Ойын шарты көндірер
 Әдепті қайда сақтау.
Шарт бойынша кім тапса
Туплиді келінге кигізбек,
Келіншек ернінен сүйгізбек.
Айналар басыңнан ми,
Бірақ есіңді жи...
Сүйсе сүйсін дейді
Бұл келіннен сый!
Музыка! Қайтадан би,
Стакандарға тағы да құй!
Дауыстар:”Горко”! “Горко!
Келіншек күйеуге жабысады,
Ерінге
-ерін қабысады,
Осындай тойлар көп
-ақ,
Бізге жетпеген Намыс әлі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу