Өлеңдер ✍️

  18.02.2022
  180


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Өз қанымен, жанымен қорғаған батырын,

Отаны ұмыта ма?!
Ел қорғаған батыр ер,
тұңғыш қазақ офицер,
ерін ойлап, ел-жұрты
еміреніп, еңірер!
Еңіреген ер еді,
жігер, қайрат тең еді.
Күні бүгін ерлігі
бағаланбай келеді!
Архивті шаң басқан-ды,
Ұмытатын бастанды:
– Тек, төккен тер, аққан қан,
Жылаған көз жас қалды!!
Ел мойнында ер құны,
Батыр болды белгілі.
Тиісті емес елуге,
Елген адам ерлігі!!
Бетке ап, шығыс, батысты,
Орап ылғи от үстін!
Қызыл жалын шарпыған
Сан ұрысқа қатысты!
Арғымақтай ойқастап,
кілең қыран марқасқа ап,
ең алдыңғы фронтта
Шайқасты ылғи қол бастап.
Кеп шайқасқа кіреді,
Қолмен жалын күреді!
Ең от қызған ошақта
Жұмыстаған үнемі!
Отанға – деп, – жан сауғаң,
Жалықпаған шаршаудан.
Жолдастарын құтқарған
талай рет қоршаудан!
Тартып ата-енеге,
алғыр болды кереген!
Болашақта ерлігі
Жас ұрпаққа енеге!
От кеседі қолымен,
Жауап берді жанымен,
Атын жазды тарихқа
Қызыл шоқтай қанымен!
Қиын-қыстау жол жүріп,
Жол жүргенде мол жүріп,
Баулыды ескер ерлікке
Отансүйгіш болдырып!
Лаулаған жас шағында,
Оранып от, жалынға,
Отан үшін қанын да,
аямаған жанын да!
Талайды естен тандырды,
Тактикасы сан қилы.
Елін қоғап, есіл ер,
Отан үшін жан қиды!
...Кеп күйзелді жан апаң!
Кеп күйзелді жан атаң!...
Қанмен, жанмен қорғаса ол
Ұмытар ма, оны Отан?!
Жаны ашымай жанына,
Жаны ашымай қанына,
бермей батыр атағын
Отаны ұмытқаны ма?
Қарамай аш анаға,
Қарамай жас балаға,
Жетім-жесір кез жасын
Келдетуге бола ма?
Қасірет – кел күн қайда?
Сан жылғы шер, мұң қайда?
Жетім-жесір сорлының
Отан, сезін тыңдай ма?
Қайғы жанды езген-ді!
Толқып теңіз сез келді!
Хас батырын отаны
ескеретін кез келді!
Тарихты парақтап,
тексеретін кез келді!
Таразыда: - Ақ.Қара.
екшелетін кез келді!!
Жанғырған жоқ аты елі!
Түзеген жоқ қатені!
Ел қорғаған батырын
Ұмыта ма, Отаны?!
Боздап еткен атаны,
боздап ескен ботаны!
Қаһарманын қадірлі
ұмытар ма, Отаны?!
Бастықтар кеп! Терең ғой!
Құлақтары керең гой!!
«Ойшыл білмегендерді
Қойшы білер» – деген гой!...
«Шолақ мылтық шаңқылдақ»,
«Ақылы аз шарқылдақ»
Сез жетпейді бастыққа,
Қанша айтқанмен каңқылдап!
Болды осындай керемет!
келер ұрпақ кере кет!
Моңғол болса Батырын
Неше мерте берер ед!
***
Қайғыдан ай, күн етпей,
Керген күні түнектей!
Қалды артында үш бала!
Үшеуі де шиеттей!!...
Ер мінезді,
ер үнді,
Елі сүйді ер ұлды,
Тайсалмай ол үнемі
алғы шептен
к
ерінді.
Басынан оқ асырмай!
Жарқыраған жасындай!
Отаны үшін от кешкен

Батыр болды осындай. Женабілхан жас батыр,
Қаһарман Ер! Хас батыр!
Атын жазған
еспеттеп,
Үенчде таста тұр!
***
Жоғалмайды жыралар,
Жоғалмайды ұралар,
Жылдар жылжып
еткенде,
алтын заман жеткенде,
түзетілер күн
елар,
орнында бар оңалар,
Батыр атақ бір алар.
Ол
– болашақ үлесі,
Бір тірілер, баба Нар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу