Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  98


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

* * *

Білесің бе? Мен қазір аурумын.
Кінəраты жоқ өкпе, бауырымның.
Жүдететін жүзімді салқындығың,
Жүрегімде орнаған дауыл үнің.
Бір күнім жоқ өтетін жайлы деген,
Қара бұлттан айықпас айды көрем.
Түсімде емес, өңімде арпалысып,,
Түтін үзбей келемін қайғыменен.
Өзің тұрмақ, шағамын тауыма мұң,
Неге бұлай мезгілсіз ауырамын,
Егер келсең мейірімді келбетіңмен,
Онда шипам – өзіңсің, сауығатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу