Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  83


Автор: Құл-Керім Елемес

ЖАҢБЫР

Аймалап ән қарағайды,
Жылы ағын жанды аралайды...
Құлағы қалқиып қарап,
Күмістей кірпігін тарап,
Тағы бір таң балалайды...
Аспанды көсеп есі шығар,
Жасынның кеселі осы шығар?
Дүрілдеп көк өріп кетті,
Дүние көгеріп кетті,
Көктемнің көсегесі шығар.
Мүлгиді мұңлы ысқиық қыр...
Нұр кілкид құм үсті иіп бір...
Жерде өлі тірілту үшін,
Күміс бұлт күміс құйып тұр...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу