Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  78


Автор: Құл-Керім Елемес

РАСЫМ

Тек қызға бола егіліп сонша,
Қабырғаң қара сөгіліп сонша,
Шелектеп құйған жаңбырша ессіз,
Не болды, бауыр, төгіліп сонша?!
Мақтау мен мадақ тек Хаққа лайық!
Хақ ойым үшін бек тақпа да айып?!
Биік деп біліп биік сөз айттым,
Надан қайғыны түсетін ойып!
Арналған қызға құты қалмай жырдың,
Тек Хақ деп хағын ұшыра алмай жырдың,
Хақ білместе айтқан хағы жоқ сөзден,
Расым, бауыр, құтыла алмай жүрмін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу