Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  96


Автор: Құл-Керім Елемес

КҮЗ

Сұлу сияқты мына күз,
Сарғаймаған, сарғайған.
Мен жүріп өткен жылады із,
Бір бұрышта сарнайды ән...
Кербездеу шыққан Күнді еміп,
Күлгіндеу ауа жылиды.
Жүректі жұмысақ мұң көміп,
Жапырақтар ұлиды...
Қызарып кеткен қысымнан,
Оқалы дала ойлылау.
Уақыт сенің мысыңнан
Көңілі кірбең,
Қайғылы-ау!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу