Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  102


Автор: Құл-Керім Елемес

АЛЛАҺ ХАЙ

Мәңгінің иесі Өзің Аллаһ – Құдай!
Білетін өткенді де, алдағыны-ай...
Сені ұғар жүрек болса ойға аудың тек,
Мәңгілік жоқ болар ед салмағына-ай!
Білмеуден айтудамыз Аллаһ-ай деп!
Жаббар деп, Әл Кәрим деп, Аллаһ Хай деп!...
Уәли деп, Әл Ғалим деп, Рахман деп,
Өзің мен жүрегімізді жалғашы-ай деп!
Білмеуден Хақ есімін тура атап біз,
Құрдастай қайқаңдаймыз тура тақ біз!
Бірақ та Аллаһ шексіз мейірімді,
Атымен жарылқауда қумасақ та із...
Атымен жарылқауда атағанды,
Жүрегін Өз атына матағанды.
Біз «Ұлы» десек Ұлы Ол, немесе құл
Солай Ол қалай десе Жасағанды!
Әй, шексіз құдіретті Құдай – Аллаһ!
Өрлеттің Өзің дегенді ұдайы алға!
Өрлетіп Өзің дегенді ұдайы алға,
Әділсің, алмайсың жәй «Құдай алға»!..
Әй, шексіз құдіретті Құдай – Аллаһ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу