Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  100


Автор: Құл-Керім Елемес

ТАНЫМАУ

Көп пенде нәпсі айтқанды қоя алмай жүр,
Көзі ашық, көкірегі оянбай жүр.
Жаралған мәңгілікке – адам рухы,
Фанидің қызығына тоя алмай жүр.
М.Т.
Өйткені танымай жүр Жаратқанын!
Жаратып, бір Адамнан таратқанын!
Өзін де, екі әлемді жоқтан бар ғып,
Рызықтап, Өзіне Оның қаратқанын!
Таныса көкірегі ашылар ед!
Рухынан иман нұры шашылар ед!
Мақсатын жаратылу біліп, бақтап,
Дүниеге махаббаты басылар ед!
Шайтанды иман ғана «жоқ» етеді!
Имансыз адамдық та жоқ есебі!
Хақ бірақ сүйген құлын иманды етпек,
Иманмен адам адам боп өтеді!
(Ондайлық көпте болмақ жоқ есебі...)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу