Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  88


Автор: Құл-Керім Елемес

ЖАҒАЛАУ

(Уақап, аға)
Қызыл өкімге тұрмасаң да ашық қасқарып,
Өзегіңді анық өртегені оттың аш-қарық!
О, Уақап, аға,
Құс өтпес тұста елшектен,
«Біз-біз» деп тұрдың «Біздің Отанды» басқарып!
«Біздің Отан» ол тұрғандай еді шақырып,
Отанға еді ол Шақырусыз бір шақырық!
Бір себепші еді ол жүрекке Отан орнауға,
Тұрса да қанша Қызыл өкімің ақырып!..
Үніңіз оның жасырын, кейде күшінде,
Жататын еді харфінде, жақша ішінде...
Ой көзіменен оқыған оны қай қазақ,
«Отаным!» дейтін, ойлы бір батыр пішінде!
«Отаным!» дейтін, «Біздің Отанды» қолға алып,
«Отаным!» дейтін, тебірене терең толғанып!..
Оқитын оны Отанын оқып жатқандай,
Жатқандай оқып Қазақстанын қолға алып!..
Жан түбіндегі Отанға деген ақтық үн,
Сөйткізетұғын өзінің ақтап ақтығын!
Сөйткізетұғын сырттағы жүрген қазақты,
Отанға деген Хақ берген махаббат-тұғын!..
Ағатайым-ай,
Ата-тайым-ай,
Атам-ай!
Біздерге қымбат аят нұрлаған батаң-ай!
Біздерге қымбат Хақ Аллаһ сөзі – Құранды
Тәпсірлеп, жұртты тәлімдегенің!..
Атама-ай!
Сексенің, баба, сеңгірлі болсын – шың биік!
Тұрады дейді Тәңірге басын шың да иіп!
Сексенге сіздей сетер боп жету Хақ бағы,
Сексенге келіп селтеңдеп жүру шын күйік!..
Дүние жалған...
Жалғанға бірақ үйір шын
Құранын оқып, иманын адам үйірсін!..
Сіз сынды бізге (Өзіне Аллаһ хақ бастап),
Сексенге сіздей сетер жетуді бұйырсын!
Әмин,
Аллаһу Әкбар! 2012.12.18




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу