Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  92


Автор: Құл-Керім Елемес

ОЙЛАН

Дүние жалған, мәңгілік
Өлімнен ары басталмақ.
Имансыз өткен мәңгіріп,
Тозақ отына тасталмақ...
Аллаһ хақ! Бейіш, Тозақ хақ!
Құдайы құлда жанбақ жоқ.
Өз ісін алар өзі ақтап,
Наданда оған нанбақ жоқ!
Хақ жолы құлға тәбиғы-ақ,
Біздерді Бірден* таратқан.
Жаратушы емес табиғат,
Табиғатты да Аллаһ жаратқан!
 Дүние жалған,
Мәңгілік
Өлімнен ары басталмақ.
Имансыз өткен мәңгіріп,
Тозақ отына тасталмақ...
Ойлан!


*Бірден – Адам ата ғаләйс сәләмнан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу