Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  77


Автор: Құл-Керім Елемес

БАРА АЛМАУ

Бар-ау деймін бір жарық нұрдан да әппақ?
Көк көзінен көншітер ұрғанда аптап,
Жерді біреу істікке шаншып алып,
Күнге аунатып секілді тұрған қақтап?..
Бары ақиқат бір Жарық нұрдан да әппақ!
Көк көзінен көншітер ұрғанда аптап,
Жерді Хақтың қазыналы хикіметі,
Күнге аунатып күйдірмей тұрған баптап!
Салғаныңмен сан қысым ақыл – кенге,
Аңғаруға ғаламды ақыл кенде.
Баянына бара алмай бағзылардай,
Жанып-сөніп болармын бақұл менде!..
Солай!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу