Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  97


Автор: Құл-Керім Елемес

ЖАРЫҚТАУ

Ақын болып жарытпаспын,
Құл боп жарытпағасын.
Жанымдағы жарықты аштым,
Жүрек жарықтағасын.
Пенделіктен биік, (білем)
Құл боу Аллаһқа әуелі.
Құлдан нұрлы сүйікті кем,
Аллаһ алдында мәуелі.
Толсаң кілкіп Хақ нұрына,
Нұрланған құл боласың.
Жүзген онда Аллаһ ақ нұрына,
Адам сафи боласың.
Болсаң ғана сафи адам,
Ділің нұрға кенейді.
Нұрлы ділден қапия да
Жыр бүлкітер көмейді.
Ділге Хақтың нұры өтпеген,
Діл діл емес, түн қара.
Нұрланбаған жүрекпенен,
Жыр жыр емес, тыңдама!
Ақын болып жарытпаспын,
Құл боп жарытпағасын.
Жанымдағы жарықты аштым,
Жүрек жарықтағасын!
2002.3.7




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу