Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  98


Автор: Құл-Керім Елемес

СЫЗЫҚ

«Адам мен Хауа аңыз» деп,
Маймыл боп алдық... масқара-ақ!
Жүрекке жұмсақ ән іздеп,
Жанымды тінттім ашқарақ.
Аныққа жетпей ақылым,
Артыма қанша құладым?
Кешірер ме екен пақырын,
Рахымды Аллаһ – Раббым?!
Жалғанның өзі жарасым,
Бар менен жоқты теліп тұр.
Адам мен маймыл арасын,
Тағдыр сызығы бөліп тұр...
Аллаһқа аян, өшпес тек...
Тұрағы қайда, ұлты кім?
 Ол – шәриғат жолын кескестеп,
Қарғысқа кеткен құл-тұғын...
Аллаһты алқап сүйе алсаң,
Жаныңның көзін ашар ең.
Құранға басыңды ие алсаң,
Маймыл «бабаңнан» қашар ең!..
Аныққа жетпей ақылың,
Артыңа қанша құладың?
Бетіңді бұрсаң... пақырым,
Кешірер еді-ау Раббым?!
2002.2.3




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу