Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  79


Автор: Құл-Керім Елемес

ТОР

Мүминнің жолын қия гөр,
Аллаһ!
Тәуекел еттім Өзіңе!
Жүрегіме иман құя гөр,
Аллаһ!
Нұр сіңірейін өзіме!
Енді ғана ұқтым Жалғанның жалған,
Шындықтың шырқауда екенін.
Жамандықтармен жалғанып алған,
Құтылмас құрсауда екемін...
Өрмекші – өмірдің торында қаптым,
Нұр сәулелермен торланып.
Құзға аққан шыңнан қорымда қаптым,
Орланып маңым...
Қорланып!
Жатамын қанша торға іліп қойған
Фосфордай түнде жарқырап?
Туайын қайта зор білікті ойдан,
Шолпандай таңғы жарқырап!
Өлеңім өлме, сыр тыңдата біл,
Құлын көзіңнен құшайын.
Нұр сәулелерді быртылдата бір,
Үздіге үзіп ұшайын!
Мүминнің жолын қия гөр,
Аллаһ!
Қия гөр, Аллаһ, қия гөр?!
Жүрегіме иман құя гөр,
Аллаһ!
Құя гөр, Аллаһ, құя гөр?!
Әмин!
2002.1.30




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу