Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  186


Автор: Құл-Керім Елемес

МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ

Мен Қазақстанға керек емес шығармын.
Ал, бірақ, Қазақстан маған керек!
Иегер



Көрмей,
Білмей өпкемін,
Қайран Қазақстаным!
Тұл таусылып от демім,
Саған самғап ұшқамын...
Менің Қазақстаным!
Аллаһ берген еншілеп,
Торқа топырағымсың.
Көңілімді көншілеп,
Сындырмайтын сағымсың!
Жауға салсаң қанжарың,
Дауға салсаң тіліңмін!
Кешіп келген қан – жалын,
Құлақкесті құлыңмын!
Аллаһқа аян, аялап
Сені шексіз құшқаным!
Тың тыңдайтын саялап,
Мен емеспін дұшпаның!
Жүрегімде сақтағам,
Нұрдай таза мекенім!
 «Шұбырындыға ақтабан»,
Мен айыпты ма екемін?!..
Қайран әкем, білгі еді!
Өле-өлгенше сені өпті!
Мен есімді білгелі,
Жүрегіме сені екті!..
Содан қалған нұсқамын,
Баламағын мекерге.
Менің Қазақстаным,
Саған ел де ел жетер ме?!
Жауға салсаң қанжарың,
Дауға салсаң тіліңмін!
Кешіп келген қан, жалын,
Құлақкесті құлыңмын!
Құдай деген құлыңмын!..
Менің...
Менің...
Менің Қазақстаным!
2002.1.23




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу