Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  73


Автор: Құл-Керім Елемес

ШӘМШӘ

Шәміс деген – Күн аты.
Күн аты оған қойылған
Шәмшә, ол апашым аты,
Көзі аумайтын мойылдан.
Күннен алып жарықты,
Нұрын шашқан Ай сынды.
Маңайын ол жарытты,
Жарқ-жұрық етіп жай сынды.
Айналасы Шәмшәнің,
Хақтан қуат, нәр алып,
Тағып мөлдір моншағын,
Жатты аймаққа таралып...
 Жарық алар жарықтар,
Жарқыраған жарықтан.
Шәмшәда да жарық бар,
Айналасын жарытқан.
Хақ силаған жарық ол,
Қараңғысын көрсін деп.
Хақиқатқа жарып ол,
Хақ Аллаһқа ерсін деп!
Хақиқатты ол құшса екен,
Қасиетін жарықтап.
Хақ Аллаһына ұшса екен,
Артында аппақ жарық қап!..
2008.9.22




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу