Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  132


Автор: Құл-Керім Елемес

ҮМІТ

Аллаһым көздің жасын көреді екен,
Аллаһым шын тілесең береді екен.
Аллаһым иманымды бақ қып берді,
Аллаһқа шүкір ету керек екен!
Істеу шарт әрбір істі Аллаһ үшін,
Адамның кетірмесін, Аллаһ, күшін.
Иманым – Аллаһ берген бақ мәңгілік,
Бағыңда, ал ендеше, самға құсым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу