Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  118


Автор: Құл-Керім Елемес

ТҮС

Түннің тура Жерге тиген жерінде,
Жердің тура Түнге тиген жерінде,
Ұйықтап кетем Жер,
Түн,
Өзімді ұмытып,
Онда еш қайғы, мұң қалмайт Құл-Керімде...
Жер жастайтын қайғы менің не теңім?
Жастық басқа тиді ме ұйықтап кетемін.
Сол-ақ екен бұ дүниеден қол үзіп,
Хақтың басқа аралаймын мекенін...
Рас!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу