Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  80


Автор: Құл-Керім Елемес

ИТЕРМЕЛЕУ

«Абай бол» дейсің,
Қайтіп мен Абай бола алам?
Абай дітінен ақ Аллаһ жаққа жол алам...
«Абай бол» дейсің,
Қайтіп мен Абай бола алам?
Абай болсам мен, Абайға сіңіп жоғалам...
«Абай бол» дейсің,
Аулақпын деуден «болмаймын»!
Үлгісі оның – құйғандай нұрын жолға Айдың.
Абайдан үлгі ап,
Құл-Керім-ақша толғаймын,
Өйткені, олша опалың болу – мол қайғым!..
«Абай бол» дейсің,
Арбауыңды арғы сездіріп,
Қызғаныштарың қызарақтайды көзге ұрып.
Күмісім қола,
Алтындарымды жез қылып,
Хақ Ием берген қайран өнерден бездіріп...
«Абай бол» дейсің!
 Маған ғана айтпа,
Абайша сен де ұш, ұш Хаққа!
Жетем дегенге жеткізер анық күш Хақта!
Абайша танып,
Абайша сүйсең Хаққыңды,
Жетесің сен де дана Абай жеткен ұшпаққа!..
Абай ол Хаққын жүрекпен сүйген кемеңгер,
Хаққын сүйгеннің қақы емес әсте төмендер.
Хақталса жүрек қорлауға онда орын қалмау шарт,
Сондықтан қорлап «Абай бол» бәске демеңдер!
Иә!..
2004.3.30




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу