Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  68


Автор: Құл-Керім Елемес

БІРЖАН

Балам,
Бүгін туған күнің.
Тура он екі жыл бұрын,
Нұрға тәнді жуған күнің,
Аллаһ берген ділгірім!
Өстіп әйбәт өс, құлыным!
Шуатылмай шылбырың.
Ұқсама ойсыз «жырау» шалға,
Кісі болдың, құлыным.
Ар, иманын қылау шалмау,
Міндеті Хақ құлының.
Үміт – нәзік ақ жіп деген...
Өліп Сүннет, фарызың –
Мойыныңа Хақ жүктеген,
Өтпе өтелмей қарызың.
Шайтан қуып, жынды қуып,
Нәпсіңменен жарысып,
Мұңға айналып, мұңды қуып,
Күйік еміп, зар ішіп –
Нұрдан қашып, пара беттеп,
Сайқалға сап көзіңді,
Харам ішіп... қара бет боп,
Жұтып қойма өзіңді!
Қарсы келіп Жасағанға,
Дінсізге еріп салпақтап,
Өзіңді-өзің жәһаннамға,
Айдап барма талтақтап...
Беріл берік ақ иманға,
Аунай бермей күйеңе.
Намәлімсіз нақ илан да,
Аттан Хақ хақ Иеңе!
Сөйт, жарығым!
2003.6.24




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу